«29 адам жазаланды»: ҰҚК Дариға Назарбаева туралы жауап берді
Коллаж Orda.kz
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи ескі Қазақстанның әлеуметтік желілер арқылы арандатушылық таратып, реванш алуға тырысып жатқанын мәлімдеген болатын. Бұл мәселеге қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
ҰҚК мәліметіне қарасақ, 2024 жылы интернетте заңсыз әрекеттерге, оның ішінде жаппай тәртіпсіздіктерге шақыратын деструктивті ақпарат таратудың нақты фактілері тіркелген.
«Жүргізілген жұмыс нәтижесінде осындай материалдарды орналастырған 330 желі пайдаланушысы анықталды. 29 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалғандарына қатысты алдын алу шаралары ұйымдастырылды», деп мәлімдеді ҰҚК.
Депутат Ермұрат Бәпи манипуляциялар арқылы «Жаңа Қазақстанды» бөлуге, шиеленіс туғызуға, кек алуға және ескі тәртіпті қайтаруға әрекеттер жасалып жатқанын атап өткен еді. Оның айтуынша, бұл үшін Дариға Назарбаеваның бейнесін де қолданып, араздық тудырып жатыр. Бұл мәлімдемеге де ҰҚК түсініктеме берді.
«Саяси сипаттағы интернет-арандатушылықтың басым бөлігі анонимді түрде әрекет ететін, шетелдік платформаларды пайдаланатын таратушылардан шығады. Бұл олардың жеке басын анықтау мен сәйкестендіруде елеулі қиындықтар туғызады», деп түсіндірді ҰҚК.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ермұрат Бәпидің айтқан тұжырымдарын назарға алғанын және депутаттан қосымша ақпарат болған жағдайда хабарлауын сұрады.
Еске сала кетсек, Orda.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер базасынан бірінші президент пен оның қыздары және күйеу баласының ЖСН нөмірлері жоқ екенін анықтаған болатын.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды