25-27 мамырға ауа-райы болжамы: аптап ыстық болады

cover

Синоптиктер 27 мамырдан бастап батыс пен солтүстік аймақтарға батыс Еуропадан антициклон келетінін айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– 25-26 мамыр күндері Қазақстан аумағында нағыз жаздың ауа-райы сақталады. Оңтүстіктен келген жылы әрі құрғақ ауа массалары ыстық және құрғақ күндерге себеп болады, - деді мамандар.

Батыста ауа температурасы +30, +39 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте термометр бағаны күндіз +32, +38-ді көрсетеді. Ал оңтүстік өңірлерде +40, шығыста +30, +36 градус болады.

– Дегенмен, 27 мамырдан бастап батысқа, одан кейін солтүстік аймақтарға батыс Еуропадан антициклон келеді. Соның әсерімен батыс аймақтарда ауа температурасы +25, +33-ке, ал солтүстікте +18, +28 градусқа дейін төмендейді, - делінген ҚазГидромет хабарламасында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар