13 жастағы қызды зорлаған мұғалімнің ісі: Сот жәбірленушілерсіз өткен
Фото: Envanto
Семей қаласында 13 жастағы мектеп оқушысын алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі зорлаған. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Бастапқыда жәбірленушінің анасына уәде етілген мемлекеттік қорғаушы тағайындалмаған. Сот процесі жәбірленуші тарапсыз өтіп кеткені анықталды.
«НеМолчиKZ» қорының мәліметінше, бірнеше күн бойы қыздың анасы тергеушіге хабарласуға тырысқан. Оған сотқа шақыру жібереміз деп уәде берген, алайда не тергеушімен, не сот хатшысымен байланыс орната алмаған. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл де мемлекеттік адвокат беріледі деп сендірген, бірақ ол да орындалмаған. Нәтижесінде, жасөспірімнің анасы сотқа шақырылмай, онлайн қатысу мүмкіндігінен де айырылған. Іс жәбірленуші тараптың қатысуынсыз қаралған.
Бұған қоса, қор сотталған ер адамның туыстары жәбірленуші отбасыға қысым көрсеткенін хабарлады. Олардың айтуынша, туыстары анасына «өзің және қызың жайлы жалған ақпарат таратамыз» деп қорқытқан.
Ал сотталушының ағасы қызға хабарласып, жалған куәлік берсең, «пәтер беремін» деп уәде еткен. Сонымен қатар, олар көпшілікке «қыздың анасы бізден 6 миллион теңге талап етті» деген жалған ақпарат таратқан. Алайда шын мәнінде, анасы сот процесінде моральдық өтемақыдан үзілді-кесілді бас тартқан.
Қызметтік қысым мен моральдық күйзеліс салдарынан, жәбірленушінің анасы жүктілігінің 27-аптасында мерзімінен бұрын босанды. Нәресте қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.
Қазіргі таңда бұл іске қатысты апелляциялық сот қаралып жатыр.
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі