«111 млн теңгенің дауы»: Боксшы Серік Сәпиевке сот қаулы шығарды
Фото: instagram / Серік Сәпиев
Бұрынғы спорт істері жөніндегі комитет төрағасы Самат Ерғалиевтің қылмыстық ісі бойынша Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты дүйсенбіде Сәпиевті мәжбүрлі түрде әкелу туралы қаулы шығарды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Бұл шешім Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 157-бабына сәйкес қабылданды.
Судья Сәпиевке сотқа келу қажеттілігі туралы екі рет хабарланғанын, бірақ ол келмеу себебін немесе оған кедергі болған жағдайларды сотқа ескертпегенін атап өтті. Осыған байланысты сот Сәпиевті келесі отырысқа мәжбүрлі түрде жеткізуді тапсырды.
Іс Самат Ерғалиевке қатысты 361-баптың 3-бөлігі бойынша қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану туралы айыптарға байланысты өтіп жатыр. Тергеу нұсқасы бойынша Ерғалиев Әлішер Аймұхамбетовті жұмысқа қабылдау кезінде заң бұзушылықтарға жол беріп, нәтижесінде соңғысы заңсыз түрде 111 миллион теңгеден астам пайда көрген.
Ерғалиевтің адвокаты Ерлан Мәкенов оның клиенті Аймұхамбетовті жұмысқа қабылдау кезінде құжаттарды тексермегенін, бірақ төлемдерді бекітуге құқығы болмағандықтан, ешқандай әсер етпегенін алға тартып отыр.
Жағдайды ушықтыратын тағы бір факт — сурдолимпиадалық спорт түрлері бойынша шахматтан бас бапкер Максим Рожковтың сөзі. Ол өзі мен жұбайы 250 мың долларды Самат Ерғалиевтің орынбасары болған Алексей Крючковқа бергенін мойындады. Себеп ретінде олар жұмыстан айырылып қалудан қорыққанын атап өтті.
Күдік тудыратыны — Крючковтың бұл істе басты тұлға бола тұра, әлі күнге дейін тергелмегені болып отыр.
Серік Сәпиевтің мәселесі қаралатын келесі сот отырысы13 тамызға белгіленді.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды