Жасанды арулар арасындағы сұлулық байқауы өтті

cover Коллаж Orda.kz

Жасанды зерделі арулар арасында сұлулық байқауы басталды.

Бұл байқау Тhe World AI Creator Awards сайтында жарияланды.

Сұлулық байқауында адам орнына қазылар алқасының алдында жасанды зерделі арулар өнер көрсетті. 

Қазылар алқасы 1500 қыздың арасынан 10 аруды финалға өткізді.

Аруларға қойылған талаптар:

  • Суреттегі арудың сұлулығы мен өзін қалыпты ұстауы;
  • Қазылардың сұрағына нақты әрі қызықты жауап бере алуы;
  • Техникалық ерекшеліктеріне, яғни қаншалықты нақтылыққа мән беріп жасалғаны;
  • Әлеуметтік желілерде танымалдығы және әлемге әйгілі болуы ескерілді.

 Жалпы жүлде қоры - $20.000.

Финалға шыққан арулардың тізімі жарияланған шорт-листті Тhe World AI Creator Awards сайтынан көре аласыз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар