Жаңа кибертоп ТМД елдеріндегі қаржылық және мемлекеттік ұйымдарға шабуыл жасады
Фото: pixabay
Шабуылшылардың мақсаты - аккаунттарды ұрлау.
Ресейлік Positive Technologies компаниясы қылмыскерлер Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және басқа да елдерге бірқатар шабуылдар жасағанын хабарлады.
«Қауіпті зерттеу аясында PT ESC мамандары Ресей, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения ұйымдарына бағытталған бірқатар шабуылдарды анықтады. Шабуыл құрбандары аталған елдердің үкіметтік және қаржылық компаниялары, сондай-ақ медициналық және білім беру мекемелері болды» делінген хабарламада.
Positive Technologies атап өткендей, қылмыскерлер 867 қызметкердің есептік жазбасын бұзып үлгерді. Олар сондай-ақ шабуылшылар алынған деректермен не істейтіні туралы болжамдармен бөлісті.
«Қылмыскерлер бұл ақпарат арқылы компаниялардың ішкі құрылымдарына одан кейін де шабуылдауға ниетті болуы мүмкін. Ұрланған деректер киберқызметтердің көлеңкелі нарығында сатылуы да мүмкін» деді мамандар.
Мамандардың айтуынша, кибертоп таратқан зиянды бағдарлама фишингтік сілтемелер арқылы таратылады.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды