Жамбылда полиция қызметкерін пышақтап кетті (видео)

cover

Жамбыл облысының Шу қаласындағы учаскелік инспекторы шақырту кезінде бірнеше рет пышақпен соққы алды.

Бұл туралы Orda.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

8 маусымда шамамен 23:00-де Шу қаласының 37 жастағы тұрғыны учаскелік инспектордың ұялы телефонына қоңырау шалып, азаматтық некедегі күйеуінің арасында жанжал туындағанын айтқан.

Оқиға орнына полиция қызметкері келді. Мұнда 27 жастағы ер адам оған шабуыл жасап, бірнеше рет пышақ жарақатын салған, содан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен.

Жаралы инспектор ауруханаға жеткізілді. Оның денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

 – «Сирена-1» және «Ұстау» («Перехват») жоспарлары жарияланды, - деді Жамбыл облыстық полиция басқармасының бастығы Жанат Сүлейменов.

Күдікті Шу ауданының Алға ауылында ұсталды. Ер адам аздап мас болған. Қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар