Жамбыл облысындағы жарылысқа қатысы бар деп айыпталған сарбаздар 13 жылға сотталды
видео скрині/otyrar
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылысқа кінәлі деп танылған сарбаздар 13 жылға сотталды. Шымкент әскери гарнизоны сотында атышулы оқиға бойынша аппеляциялық кеңесінің шешімі тыңдалды. Ал экс-әскерилер үкімі онлайн режимде оқылды. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Байзақта болған жарылысқа қатысты апелляциялық сот шешімі шықты. Бұған дейін 9 жылға бас бостандығынан айырылған қос сарбазға сот тағы 4 жыл қосып берді. Сотталушылар өз кінәсін мойындамай, істі қайта қарауға бергенмен, жазаны судьялар одан сайын қатаңдатқан. Сонымен қатар олар мемлекетке келтірілген 24 млрд теңге шығынды өтеп беруге міндеттелді.
«ҚР ҚК-тің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес жазаларды ішінара қосу арқылы Тұрановқа түпкілікті 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қауіпсіздігі орта мекемеде өтеу белгіленсін», - деді әскери сот алқасының төрағасы Жандос Мұсабекұлы.
Сотталушылар «Өзгенің кінәсін мойнымызға ілді» деп, бұл шешіммен келіспейтінін айтты.
«13 жылға бас бостандығымнан айырып жіберді. Бұл не үшін? Әділетсіз бәрі. Қазақстанда тұрып өзіміз әділетке қол жеткізе алмаймыз ба?», - дейді сотталушы.
Ал жазасын жеңілдетеді деп күткен екі жігіттің анасы бұл шешіммен келіспейтінін айтып отыр. Олар «үлкен әскери бөлімнің оқ-дәрі сақталған қоймасында болған жарылысқа қатардағы сарбаздарды кінәлау ақылға сыймайды» дейді.
«Біз ешқандай да келіспейміз бұл шешіммен. Жаңа Қазақстан дейді. Қайда жаңа Қазақстан? Аманатқа қиянат қой бұл. Бұдан кейін баламызды қалай әскерге сеніп жібереміз?! Біресе ауру қылады, өлтіреді, псих қылады. Сөзім жоқ айтуға», - дейді сотталушының анасы Алмагүл Асанова.
«Шындықты айтам деп балам 13 жыл арқалап кетті. Біз Астанадан келген судьялар анығын шығаратын шыған деп ойладық. Кінәлі еместігінің айдан анық дәлелін де көрсеткенбіз. Шығарған шешімі мынау болды. Кімге сенеміз сонда?! Бұдан кейін баламды әскерге ешқашан жібермеймін», - дейді сотталушының анасы Жанар Қадырова.
Сотталушылардың заңгері жігіттердің кінәсі тергеу барысында анықталмағанын айтады. Сондықтан да аппеляцияға өтініш тастаған. Ол әскери борышын өтеп жүрген 2 азамат бүгін негізсіз сотталды деп санайды.
«Бұл істе әділдік болмады. Алқадағы сотта үш сот отырды. Осылардан әділдік күттік біз. Ешқандай әділдік болмады. Бұл қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу кезінде де, бірінші инстанциядағы сот болған кезде де ешқандай дәлел болмады. Менің қорғауымдағы Тұранов пен Әшірбайды соттауға. Ешқандай негіз, ешқандай дәлел болмады. Сонда да соттап жіберді», - дейді заңгер Абзал Өмірәлі.
Айта кетейік, бұған дейін аталған іс бойынша екі жауынгер «Бөтеннің мүлкін қасақана жою және бүлдіру» бабымен 9 жылға сотталса, 4 офицер сот шешімімен ақталған еді. Күдіктілер мен прокуратура арызымен қайта қаралған апелляциялық кеңесте жазадан босатылған екі әскери де 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, 2021 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі оқ дәрі қоймасы жарылған еді. Одан 18 адам ажал құшып, 81 азамат жараланды. Ал сотталған азаматтардың адвокаттары қайта шағым жазатынын айтты.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды