«Жамбас сүйегі сынған»: Амантай қажы баспалдақтан итерген әйелдің жағдайы белгілі болды
Фото: Бейнеден кадр
Президенттікке үміткер болған Амантай қажы бір әйелді баспалдақтан итеріп жіберді. Әйелдің жамбас сүйектері сынған, деп хабарлайды Orda.kz.
Жәбірленушінің қызы Раиса Бесқарағаева жағдайдың қалай болғанын КТК телеарнасының тілшісіне айтып берді. Оның айтуынша, бұл оқиға 4 шілде күні «Динамо» спорт кешені аумағында болған. 76 жастағы Биғайша Бектенбаева сол жерде медбике болып жұмыс істейді екен. Сол күні таңертең әйел кіреберісте ұлттық киім киген ер адамға «Жұма қабыл болсын!» деген. Амантай қажы әйелді итеріп жіберген.
«Таңертең сағат 5:30 шамасында анам жұмыста болды. Жұма күні еді. Ол жерге Амантай қажы үнемі келеді. Анам: «Жұма қабыл болсын!» деп амандасқан. Бейнеде бәрі көрініп тұр. Амантай қажы бұрылып анамды баспалдақтан итеріп жіберген», — деді Раиса Бесқарағаева.
Жәбірленушіге ота жасалған. Раиса Бесқарағаева анасының жамбас сүйектері бірнеше жерден сынғанын айтты.
Биғайша Бектенбаеваның жақындары Амантай қажының жазаланғанын қалайды. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Айта кетейік, кеше, 17 шілде күні әлеуметтік желіде Амантай қажының әйелді итеріп жібергені анық көрінетін бейнежазба тарады.
Жаңалықтар
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды