Ақорда маңынан шыққан өрт елордалықтарды дүрліктірді (видео)

cover

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Ақорда маңынан шыққан қалың түтінді видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Елордалық ТЖД өрттің терек мамығынан шыққанын анықтаған.

– 25 мамырда сағат 14.06-да ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Қонаев көшесінде терек мамығы өртенген қоңырауға шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер алдын-ала ауданы 250 ш. м. терек мамығы жанып жатқанын анықтады, өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 10 адам, 2 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт 14.29-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады ТЖД.

Ведомства өкілдері өткен тәулікте елордада 95 қоңыраудың болғанын, оның 53 - і терек мамығынан шыққан өрт екенін айтады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар