Қызылордада жоғалып кеткен қыз өлі күйінде табылды

cover

2021 жылы 19 маусым күні қалалық полицияға Қызылорданың шетіндегі Махамбет ауылында қыз жоғалғаны туралы хабарлама түсті. 20 маусымда қыздың денесі каналдан шығарылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

2008 жылы туған қыз үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, оралмаған. Полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен еріктілер іздеуге қатысты.

20 маусымда 13.30-да жедел құтқару отрядының қызметкерлері қыздың денесін Махамбет ауылындағы Шіркейлі суару каналынан шығарды.

Операцияға Төтенше жағдай қызметкерлері  қатысты. (3 қызметкер, 11 құтқарушы оның ішінде 2 кинологиялық бригада және 2 бірлік техника, 3 су көлігі). Толық мәліметтер әзірге белгісіз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар