Қытайдан әкелінген Vero Cell вакцинасы қашан қолжетімді болады?

cover

Апта басында елге Қытайдан тағы бір вакцина жеткізілді, дегенмен ол азаматтарымызға тамыз айының ортасына таман салына бастайды.

 Денсаулық сақтау министрлігі  өкілдерінің жауабы  осылай болды. Айтпақшы,  Vero Cell вакцинасы да инактивтелген. Екі дозадан тұратын екпені 18 жастан асқан адамдарға салуға рұқсат. Әдеттегідей екінші дозасын 21 күн өткен соң алу қажет. Оның тиімділігі 79 пайыз  деп отыр мамандар.

Бұл туралы ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің баспасөз хатшысы өз пікірін білдірді.

– Sinofarm вакцинасының басты ерекшелігі мұздатқышты қажет етпейді. Ол +2-ден +8 градусқа дейінгі температурада сақталады және тасымалданады. Сәуір айының соңында Біріккен Араб Әмірліктерінде Hayat-VAX сауда атауымен шығарылған Пекин биологиялық өнімдер институтының вакцинасын Sinofarm компаниясы сатып алған. Vero Cell вакцинасының Hayat-VAX-тан айырмашылығы тек өндіріс орны басқа,- дейді Фархат Оразалы.

Сонымен қатар ол оның басқа екпелерден ешқандай айырмашылығы жоқ, бұл қауіпсіздігіне, тиімділігіне және сапасына тексерілген инактивті вакцина екндігін жеткізді.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар