Қытай лагеріндегі қазақтар ондағы жағдай туралы айтты
Фото: Азаттық
10 қыркүйекте Лондонда Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі ұйғыр, қазақ, қырғыздардың қуғындалу мәселесі бойынша екінші тыңдау басталды. Бірінші тыңдалым 2021 жылы маусымда өткен.
Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.
Лондонда Ұйғыр трибуналы өтті. Онда бірнеше қазақ куәлік берген. Олар бастарынан өткен жайттар туралы баяндады.
- Орынбек Көксебек
- Ерғазы Отарбай
- Бақытәлі Нұр Шыңжаңда туып-өскен, қазір Қазақстанда тұрады.
«Ұйғыр трибуналы» - Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі мұсылмандарға жүргізіп отырған саясаты бойынша өтіп жатқан тыңдау.
Олардың айтуынша, Қытай «арнайы тізім» құрған. Оның ішіне 24 ел кіреді. Тізімде Қазақстан да бар. Мұсылмандарды тізімдегі елге барғаны үшін жауапқа тартады.
Бақытәлі Нұр Қытай билігі аяғы ауыр келіншегіне күштеп түсік жасатқан дейді.
Лагердегі қорлық
Тыңдауда Бақытәлінің жазбаша мәлімдемесіне сүйеніп, Шыңжаң лагерінде қамауда бірге болған ұйғыр жігіттің қалай азапталғаны туралы сұрады.
– Бір күні оны (ұйғыр жігітті) түнгі сағат 12 жарымда алып кетті. Содан төрт күннен кейін бір-ақ әкелді. Оның екі қолы жансызданып қалған. Ертесіне басқарушы қытай маған «мына баланың екі қолы істемейді. Cол үшін оны дәретке отырғызып, тамағын бересің» деп бұйырды. Осылайша оған тамақ ішкізіп, дәретке отырғызып жүрдім. Біз отырған жердің бәрі толған камера. Ол жерде сөйлей алмайсың. Тек әжетханаға апарған кезде ғана әңгімелесуге мүмкіндік болды. Ол жігіттен сені қайда апарды деп сұрап едім, «бір жерге апарып, төрт күн асып қойды, басында аяғым жерге тимеген. Төрт күннен кейін сіңірім созылып, жерге тиді. Содан екі қолым жансызданып қалды» деді. «Бақытәлі, жейдемді түрші» деді ол. Қарасам, денесінде электрошоктан күймеген жері қалмапты. «Аға, бүйткенше өліп қалсамшы, мен не істедім...» деді ол. Сонда оның бар қылмысы – ұйғырларда «мәшірап» дейді, достарымен бірге сол отырысқа барған. «Терроршылар не деді, қылмысыңды мойында» деп оны қинаған, - деп Бақытәлі Нұр көзіне жас алды.
Тағы бір куәгер Орынбек Көксебек Қытай лагерінде 4 ай қамауда болғанын, артынша 2 күн үйқамақта болғанын айтты.
– Қытай тілін білмегенім, Қазақстан азаматы болғаным үшін тұтқындады. Олардың мені қинағанын сөзбен айтып жеткізе алмаймын, - деді Орынбек Көксебек.
Көксебектің әкесі қайтыс болғаннан кейін ол Қытайдағы туыстарына қонақтап барған. Сол жерде қамауға алынған. Лагерьдегі қорлығының салдарынан қазіргі таңда ұрпаққа зар болып жүр.
Айта кетсек, Қытай билігі тыңдауға келмеген. Бірнеше рет Лондонда өтіп жатқан шараны сынға алған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық