Үндістандағы әуе апатынан тек бір адам ғана аман қалды — құрбандар саны 310 жетті

cover

Үндістанның Ахмедабад қаласында болған әуе апатынан тек бір ғана адам тірі қалды. Бұл үнділік 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Рамеш Висвашкумар, деп хабарлайды Orda.kz.

Полиция мәліметі бойынша, Висвашкумар — әуе апатынан аман қалған жалғыз адам.

«Айналамда мүрделер жатты. Қорқып кеттім. Орнымнан тұрып, жүгіре бастадым. Әр жерде ұшақ қалдықтары шашылып жатыр», — дейді Рамеш.

Ол ұшақтағы 11А орнында — бизнес салонынан кейінгі, терезе жағындағы бірінші қатарда отырған. Рамештің айтуынша, ұшақ әуеге көтеріле бастағанда шамамен 30 секундтан кейін қатты дыбыс естіліп, ұшақ кенеттен төмен құлай бастаған. Рамеш досымен бірге ұшқан, алайда ол әлі іздестіріліп жатыр.

Boeing 787-8 Dreamliner бортындағы 242 адамның барлығы дерлік қаза тауып, әуе көлігі тұрғын үй алабына құлап, сонымен қатар медицина колледжінің жатақханасын да зақымдады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, құрбандар саны 310 жеткен.

Үндістанның ішкі істер министрі Амит Шах ұшақта шамамен 125 мың литр жанармай болғанын және «жоғары температура салдарынан тірі қалғандарды құтқару мүмкін болмағанын» айтты.

Әлеуметтік желіде Boeing 787-8 ұшағының әуеге көтерілгені және құлап жатқан сәті көрсетілген бейнежазба тарап жатыр.

Естеріңізге салар болсақ, Ахмедабад қаласындағы әуежай маңында Air India әуе компаниясына тиесілі Airbus A320 ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар