Үндістанда 240 жолаушысы бар ұшақ құлады
Фото: бейнеден кадр
Үндістанның Ахмедабад қаласынының маңында бортында 240 адам бар ұшақ құлады, деп хабаралайды Orda.kz.
Ахмедабад қаласындағы әуежай маңында Air India әуе компаниясына тиесілі Airbus A320 ұшағы апатқа ұшырады.
India TV мәліметінше, ұшақ бортында 240 жолаушы болған. Қазіргі таңда құтқару қызметтері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Апаттың себебі әзірге анықталған жоқ.
Times Now телеарнасы таратқан соңғы деректерге сәйкес, апат салдарынан 110 адам қаза тапты. Полиция өкілдері ұшақтың дәрігерлерге арналған жатақхана маңында құлағанын хабарлады.
Hindustan Times басылымының мәліметінше, ұшақ бортында Үндістан азаматтарымен бірге 53 Ұлыбритания азаматы, 7 Португалия азаматы және 1 Канада азаматы болған. Ұшақ Ахмедабад халықаралық әуежайынан Астана уақытымен 13:08-де Лондонға бағыт алған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қазасына қатысты көңіл айтты.
Жаңалықтар
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды