Ұлытауда ер адамды әжетханада азаптаған полицейлер жазаланды
Фото: Pexels
Жаңаарқа ауданының тұрғыны өзін үш полицей азаптағанын мәлімдеген еді. Осы істі Ұлытау облысының мамандандырылған аудандық соты қарады. Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлеріне үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылғы 14 тамызда түнде Жаңаарқа аудандық полиция бөлімі ғимаратының әжетханасында үш полицей ер адамды азаптап, әдейі орташа ауырлықтағы дене жарақатын салып, физикалық және психикалық азап келтірген.
«Сотта жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары, сараптама қорытындылары және басқа да заттай дәлелдер арқылы полицейлердің кінәсі дәлелденді» деп жазды соттың баспасөз қызметі.
Үшеуі де ҚР ҚК 146-бабы 3-бөлігінің 1, 3-тармақтары бойынша – «Топтасып жасаған, адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіре отырып, қатыгез, адамгершілікке жат немесе ар-намысты қорлау, азаптау» бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Олардың әрқайсысы бес жылға бас бостандығынан айырылып, үш жылға мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Жезқазғанның №62 мекемесінде сотталушылар көтеріліс жасап, өз-өздеріне дене жарақатын келтірген кезде оларды ауруханаға апарып, бар шуды басуға тырысқан 11 қызметкер «күш қолданды» деген айыппен сотталып кеткен еді.
Еске сала кетсек, Тоқаевқа қарсы қылмыстық іс қозғауға тырысқан Тимур Дәнебаев 2022 жылы ұсталып, 2023 жылы маусымда араздық тудырды деп 3 жылға сотталған болатын. Кейін Атбасар түрмесінде оны түрме қызметкерлері азаптады. Қазір Атбасар қаласында 41 сотталушыны және Тимур Дәнебаевты азаптаған 12 қызметкердің апелляциялық соты өтіп жатыр.
Жаңалықтар
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды