Түркістандағы прокурорлар мен судьялар тұратын үйде газ жарылды
Фото: Orda.kz
Түркістан облысы Отырар ауданының көпқабатты үйінде түнгі тыныштықты қатты жарылыс бұзды. Пәтерлердің бірінде газдан өрт шығып, 35 жастағы бала дәрігері Әсел Әмірханқызы денесінің 90% -ы күйіп, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде, деп хабарлайды Orda.kz.
Белгілі болғандай, үй мемлекеттік бағдарлама бойынша небәрі төрт жыл бұрын салынған. Мұнда дәрігерлер, прокурорлар, судьялар тұрды. Осы уақыт ішінде тұрғын үй ыстық сумен жылытылды. Табиғи газды пәтерлерге қайғылы оқиғадан бір күн бұрын ғана берген.
«Газ кеше ғана берілді. Келіп, қосты да кетіп қалды. Ешкімге ескертілмеді, ештеңе тексерілмеді. Кешке жұрттың бәрі кешкі асын ішіп жатқанда жарылыс болған», - дейді зардап шегушінің туыстары айтады.
Туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға кезінде әйел жұмыстан келген, ал күйеуі мен екі баласы үйлену тойына кеткен. Көршілердің айтуынша, жарылыстың қатты болғаны сонша – барлық терезелер сынып, пәтердің бір бөлігі өртеніп кеткен.
Отырар ауданы әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл газ құбырының 2021 жылы салынғанын, бірақ іс жүзінде жақында ғана қосылғанын растады. Қазір бұған рұқсаттың бар-жоғы анықталуда.
«Тексеру нәтижелері жауапкершіліктің кімде екенін көрсетеді, мердігер кінәлі ме, немесе немқұрайлылыққа жол берген мамандар ма?», - деді ол.
Жарылыстан кейін тұрғындар туыстарына қоныстандырылды. Билік бүлінген үйді екі апта ішінде қалпына келтіруге уәде берді. Ал тергеу органдары тексеруді бастады. Іс бойынша газды қосу ережелерін бұзу нұсқасы қаралуда.
Тұрғындар газ қосқандар өз жұмыстарын ереже бойынша атқарса, бұндай жарылыстың болмайтындығына сенімді.
Төрт күн бұрын Ақтау қаласы 32В шағын ауданындағы «Әсия» тұрғын үй кешенінің жертөлесінде газ жарылды. Жарылыс салдарынан 3 ересек адам мен 2010 және 2015 жылы туған 2 бала жарақат алған болатын.
Жаңалықтар
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды