Түркістан облысында полицей қылмыскерді қуамын деп қаза тапты
Фото: instagram/sadenov_online
Түркістан облысында құқық бұзушыны қуып жүріп полиция инспекторы көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.
«Қызметтік міндетін атқару барысында құқық бұзушыны қуамын деп қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің жол-патрульдік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын» деп жазды ол facebook-тегі парақшасында.
Қайғылы оқиға бүгін, 5 наурызда болған. Патрульдік полиция инспекторы Қанат Ғабитов Жібек жолы-Жетісай тас жолында апатқа ұшырады. Тағы алты адам зардап шекті.
Патрульдік полиция экипажы жол қозғалысына қауіп төндірген құқық бұзушыны қуған. Бірақ апатқа ұшырады. Инспектор Ғабитов оқиға орнында қаза тапты. Апаттан зардап шеккендердің қалғаны аудандық ауруханаға жатқызылды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды