«Тұншықтыра бастадым»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған күдікті оқиғаны өзі аузымен айтып берді
Фото: бейнеден кадр
Сәтбаевта кіреберісте қызға шабуылдаған күдікті оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Cәтбаев қаласында үйдің кіреберісінде қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған оқиға жұрттың жағасын ұстатты.
«Шабуыл жасаған күні ішімдік ішкен едім. Несие төлеуге ақшам жетпей жүрді. Көшеде келе жатып, үйге кіріп бара жатқан қызды көріп, соңынан ердім. Артынша тұншықтырып, сыртқа қарай сүйреп шығармақ болдым. Қызды танымаймын. Ісіме өкінемін», – деді түсініктеме берген күдікті.
Оқиға түнгі сағат екілер шамасында болған. Бейнежазбада қыздың үйге кіргені, ал оның артынан белгісіз ер адамның есік жабылып үлгермей, жүгіріп кіргені анық көрінеді. Ол қызды қуып жетіп, артынан ұстап алып, баспалдақпен төмен сүйрейді. Қыз сасқалақтамай, айқайлап көмек шақыра бастайды. Дыбысты естіген ер адам тұрғындардың жиналуынан қорқып, үйден тез шығып кетеді.
Айқайды естіген көрші әйел пәтерінен жүгіріп шыққанымен, қаскөй қашып үлгерген. Алайда көп ұзамай күдікті полицейлердің қолына түсті.
Ұлытау облыстық полиция департаментінің бастығы Асқар Дүйсебаевтың айтуынша:
«Сәтбаев қаласында қызға жасалған шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», деп айтылған хабарламада.
Еске сала кетейік, Ұлытау облысында 22 мамыр күні түнгі сағат 01:55-те ер адам тұрғын үй кіреберісінде қызға шабуыл жасаған еді.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды