Трамп Америка халқымен қоштасты

cover

Дональд Трамп қызметінен кетер алдында АҚШ халқына қоштасу бейнеүндеуін жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда мемлекет басында болған 4 жыл ішіндегі өзінің жетістіктерімен бөлісіп, Ақ үйдің жаңа басшысына сәттілік тіледі. Өзінің президенттік қызметте болғанда бірде бір соғыс ашпағанына мақтанатынын, халықаралық аренада талай жетістіктерге жеткенін айтты.

Айта кетейік, АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байденді ұлықтау рәсімі бүгін өтеді. Дәстүр бойынша Трамп Ақ үйде Байденмен кездесіп, онымен бірге Капитолийге баруы керек еді. Алайда бұл жолы Трамп ұлықтау рәсіміне қатыспайтынын жариялады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар