Тоқаев Өзбекстанға келді

cover Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға келді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Үргеніш әуежайында мемлекет басшысын президент Шавкат Мирзиеев қарсы алды.

Сапар бағдарламасына екі ел басшыларының бейресми кездесуі, сондай-ақ Хиуадағы кәсіпорындар мен мәдени орындарға бірлесіп бару кіреді.

4 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиеевке Шымкент-Самара тас жолында болған жол апатынан Өзбекстанның сегіз азаматының қайғылы қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар