Тоқаев Қырғызстан мен Малайзияны Тәуелсіздік күнімен құттықтады

cover Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан мен Малайзия көшбасшыларына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Президент Садыр Жапаровты және Қырғызстан азаматтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Қазақстанда қазақ-қырғыз көпқырлы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі тереңдетуге ерекше мән беріледі. Бірлескен күш-жігерімізбен көпғасырлық достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында мемлекетаралық байланыстарымызды нығайтуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдімін» - деп атап өтті Тоқаев. 


Сонымен қатар, президент Малайзияның премьер-министрі Анвар Ибрагимге құттықтау жолдады. Ол өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген қазақ-малайзия қарым-қатынастарының одан әрі дамитынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге жауапты қызметіне табыс, ал Малайзия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

30 тамыз күні  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына келді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар