Тоқаев сайлау туралы заңға қол қойды

cover

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, сайлау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге қол қойды.

Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аталған заңдар нені қарастырады:

  • Парламент Мәжілісі сайлауында саяси партиялар үшін өту шегін 7% - дан 5% - ға дейін төмендету.
  • Барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «барлығына қарсы» бағанын енгізу.
  • Жергілікті әкімдерді сайлауға саяси партиялардан кандидаттар ұсыну. Тиісті аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тұрғындарының пассивті сайлау құқықтарын іске асыру үшін әкімдерді сайлауға өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі көзделген. Әкімдікке халық атынан ұсынылатын Кандидат өз қолдауы үшін тиісті қол санын жинайды.
  • Аудандар, облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жергілікті әкімдердің жауапкершілігін қарау бөлігіндегі құзыреттері толықтырылды.
  • Жергілікті әкім лауазымына сайланудың және өкілеттігін тоқтатудың жаңа тәртібі белгіленді.
  • ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңына сайланатын әкімдер үшін аттестациялар мен ротацияларды алып тастау және арнайы тексеру жүргізудің жаңа тәртібін бойынша түзетулер енгізіледі.

Президенттің көмекшісі, ҰҚК хатшысы Ерлан Қарин биылғы жылға ауыл әкімдерін сайлау белгіленгенін атап өтті. Ол қол қойылған құжаттарды өте маңызды деп атады.

«Мәжіліс пен мәслихаттарға саяси партиялардың өту шегін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр. Сондай-ақ дауыс беруге арналған бюллетеньдерге «барлығына қарсы» деген баған қосылады. Бұл еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

2021 жылдың қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев «барлығына қарсы» бағаны барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне енгізілуі тиіс екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, балама көзқарастар мен барлығына қарсы дауыс беру ұғымы қазақстандықтар үшін қалыпты болуы тиіс.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар