Тоқаев несие тарихына қатысты заңға қол қойды

cover Kazakhstan's President-elect Kassym-Jomart Tokayev speaks to the media after presidential elections in Nur-Sultan, the capital city of Kazakhstan, on Monday June 10, 2019 . An ally of Kazakhstan's former president was named winner of the presidential election on Monday in a vote marred by a police crackdown on protesters who criticized the result as an orchestrated handover of power. (AP Photo/Alexei Filippov)

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу туралы Заңға қол қойды. Бұл туралы Orda.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлады.

«Мемлекет басшысы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» делінген сайт мәтінінде.

Заң коллекторлық агенттіктерге борышкермен кез келген байланыс процесінің бейне және аудио жазбаларын жасауды міндеттейді. Заң шығарушылардың пікірінше, бұл норма коллекторлар тарапынан дөрекі қарым-қатынасты немесе заңнаманы бұзуды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, коллекторлық агенттікте тіркелмеген телефон нөмірлерінен борышкермен өзара іс-қимыл жасауға тыйым салынады.

Коллекторлық агенттіктер үшін олардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар да көзделген.

Негізгі жаңалықтардың бірі - несие тарихын сақтау мерзімін 10 жылдан бес жылға дейін қысқарту болып табылады.

Парламент бұл заңды 2021 жылдың сәуір айының соңында қабылдаған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар