Тоқаев: Қазақстан ғарыштық технологияларды белсенді дамытады

Мемлекет басшысы ғалымдарды Қазақстан ғылымы күнімен құттықтады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ғарыштық технологияларды белсенді игеретінін айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
– Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы ғалымдарды Қазақстан ғылымы күнімен құттықтап, бұл мереке көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың туған күніне сәйкес келетінін атап өтті.
– Ғылым саласы қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор, - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Қазақстанда, бүгін де атап өтілетін Ғарышкерлер күніне орай, 12 сәуірде ғарышқа адам ұшқан алғашқы ұшудың 60 жылдығына орайластырылған «Ғарышты шарлаймын, жұлдызды таңдаймын» акциясы басталды.
Акция «Игілікті істер марафоны» ұлттық жобасы аясында басталды, ол қазақстандық ғарышкерлер өмірінен алынған фактілерді, сондай-ақ қазақстандық ғарыш бағдарламасының практикалық маңыздылығын насихаттауға бағытталған. Әлеуметтік желілердегі парақшаларында қазақстандықтар #ҒарыштыШарлаймынЖұлдыздыТаңдаймын хэштегімен қазақстандық ғарышкерлер мен ұлттық ғарыштық бағдарламалар туралы қызықты фактілерді орналастырады.
– Акцияны қолдау мақсатында әлеуметтік желілердегі «Ізгі істер марафонының» ресми парақтарында қазақстандық ғарышкерлердің, ғалымдар мен ғарыш саласы қайраткерлерінің ақпараттық фактілері мен әңгімелері бар басылымдар сериясы жарияланып жатыр, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Жаңалықтар
- «Ленина 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды
- Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды
- «Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді»: Сот үкімінен кейін Сәкен Мамаштың экс-әйелі пікірін айтты
- Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды
- «Кінәсін мойындамады»: Әйелінің 9 жастағы жиенін зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды
- «Астанада емделеді»: Науқас ұрғаннан жансақтау бөліміне түскен хирургтың жағдайы ауыр
- «104» деген лақап аты бар рэпер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды
- Тікұшақ тасыды: Алматы тауында жасөспірім 15 метрлік жардан құлап мертікті
- Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан көшені қайтарып алды
- Журналист Лұқпан Ахмедияров кибершабуыл құрбаны болды
- Путин Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады
- Атырау облысында түйелер жаппай қырылып жатыр
- Цифрлық жүктемеге қарсы балама: фотоны сақтау үшін жаңа шешім пайда болды
- «Хирургты жансақтау бөліміне түсірген науқас»: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
- «Резонанс үшін сотталды»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушы тарап аппеляциялық соттың ашық өтетінін айтты
- Белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті
- Перизатты Димаш Құдайберген, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қарин қайырымдылық жолында қалай қолдады?
- Анасының сырқатын сылтауратқан: Ұлытаудың бұрынғы прокуроры үш жарым жылға сотталды
- Тентіреген жастар, торыққан қараша халықтың шындығы және құрып бара жатқан Арал туралы «әдемі» баяндамалар