Тілеухан мен журналист: министр Балаева пікір білдірді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева 29 желтоқсан күні парламент ғимаратында мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеухан мен журналист Айнұр Коскинаның арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Министр өз кезегінде журналистика саласының кәсіби этиканы қажет ететінін, десе де бұл жерде сұхбат беруші Бекболат Тілеуханның да эмоциясын ақтауға келмейтінін айтты.
«Әрине, сұхбат берушінің журналистке қатысты эмоциялық әрекетін ақтау қиын (әсіресе журналистің әйел баласы екенін ескерсек). Мәдениетті қарым-қатынас этикасы кез-келген сұхбат барысында сақталуы тиіс. Десе де, мәселенің екінші жағы да бар: ол – журналистің кәсіби білігі мен ішкі мәдениеті» делінген министрдің facebook парақшасындағы жазбада.
Сонымен қатар, министр сұраққа жауап беруші адам жеке өмірін құпия ретінде сақтай алатынын жазған.
«Спикердің жеке өмірінің құпиялығы мен құқығын сақтау, тақырып ауқымындағы сұрақтардан тыс ауытқымау, диалог логикасын нақты ұстану – бұл ешкім жоққа шығармайтын жалпыға ортақ өркениет ережелері. Қалай болғанда да Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің заңды мүддесін, кәсіби құқығын заң аясында қорғауда қашан да дайын» деп толықырған министр Аида Балаева.
Журналист Айнұр Коскина өз кезегінде жеке басқа қатысты сұрақтардың болмағанын, тек заңға қатысты көп әйел алу туралы сұрақ қойғанын алға тартты.
«Ол (Бекболат Тілеухан - ред.) қалай жауап берсе де өз еркі. Менің нақты қай жерде дұрыс емес екенімді көрсетіңізші» деді журналист министр жазбасына қарата жазылған жауабында.
Не болды?
29 желтоқсан күні мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан қызметтен кететінін мәлімдеді. Отырыстан кейін парламент ғимаратында журналистер экс-депутаттың шешіміне қатысты сұрақтар қойды. Журналист Айнұр Коскина спикерге «Сіз екі әйел алуға қалай қарайсыз?» деп сұрақ қойды. Экс-депутат сұраққа эмоцияналды күйде жауап беріп, лифт ішіне кіріп кетті. Лифт есігі жабылар тұста «менің әйелімде ақың қанша сенің?» деп журналисті итеріп жіберген. Айнұр Коскина оның бұл әрекетінен кейін өзіне тиісілі моноподы сынғанын айтып, парламент залына құзырлы орган өкілдерін шақыртты. Журналист арыз жазып, істің Қылмыстық кодекстің158 бабы (журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау) бойынша қаралуын талап етті.
Жаңалықтар
- «Ленина 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды
- Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды
- «Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді»: Сот үкімінен кейін Сәкен Мамаштың экс-әйелі пікірін айтты
- Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды
- «Кінәсін мойындамады»: Әйелінің 9 жастағы жиенін зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды
- «Астанада емделеді»: Науқас ұрғаннан жансақтау бөліміне түскен хирургтың жағдайы ауыр
- «104» деген лақап аты бар рэпер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды
- Тікұшақ тасыды: Алматы тауында жасөспірім 15 метрлік жардан құлап мертікті
- Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан көшені қайтарып алды
- Журналист Лұқпан Ахмедияров кибершабуыл құрбаны болды
- Путин Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады
- Атырау облысында түйелер жаппай қырылып жатыр
- Цифрлық жүктемеге қарсы балама: фотоны сақтау үшін жаңа шешім пайда болды
- «Хирургты жансақтау бөліміне түсірген науқас»: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
- «Резонанс үшін сотталды»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушы тарап аппеляциялық соттың ашық өтетінін айтты
- Белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті
- Перизатты Димаш Құдайберген, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қарин қайырымдылық жолында қалай қолдады?
- Анасының сырқатын сылтауратқан: Ұлытаудың бұрынғы прокуроры үш жарым жылға сотталды
- Тентіреген жастар, торыққан қараша халықтың шындығы және құрып бара жатқан Арал туралы «әдемі» баяндамалар