Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр

cover Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орындарының бірі – Теңізшевройлда жыл басынан бері екінші төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды Orda.kz. 

ТШО баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 11 наурызда болған. Компания аумағында тұтанған өрттен ешкім зардап шекпеген. 

«2026 жылғы 11 наурызда Теңіз кен орнындағы нысандардың бірінде өрт болды. Зардап шеккендер жоқ. Компания оқыс жағдайдың бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр», деп хабарлады ТШО.

Айта кетейік, бұған дейін қаңтар айында Теңізшевройлда өртке байланысты өндіріс апатты түрде тоқтатылған еді. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар