«Тәуелсіз басылымға қарсы қитұрқылық»: «Орда» редакциясының алдына ондаған адам жиналды
Фото: Orda.kz
«Orda.kz» тәуелсіз басылымының жұмысы таңғы кофемен емес, Алматыдағы кеңсемізге келген ондаған адамның басқа қызмет сұрауынан басталды. Таң атпастан Orda.kz редакциясына бір топ ана балаларымен ертіп келді.
Белгісіз біреулер Instagram желісінде біздің кеңсеміздің мекенжайын лагерьге жолдама тарататын орын ретінде көрсетіп, жалған жазба жариялаған. Хабарламада жай жолдама емес, тегін жолдама деп жазылыпты.
«Егер балаңызға жаңа достар, ойын және ұмытылмас әсерімен есте қалатын жарқын жаз сыйлағыңыз келсе, қайда бару керектігін біз білеміз. Орын саны шектеулі! Өтініштер тек көрсетілген мекенжай бойынша қабылданады. 12 маусым күні сағат 10:00-де. Келіңіздер, алдын ала орын алыңыздар!» деп жазылған хабарламада.




Қазір кеңсе алдында алданған оншақты ата-ана бала-шағасымен жиналып тұр. Жарнамада көрсетілген нөмірлерге қоңырау шалу мүмкін болмады.
Жиналғандар полиция шақырды.
Бұл бір емес, бұған дейін де болған жағдай. Тәуелсіз басылымға жан-жақтан шабуыл жасалып жатыр. Осы секілді қитұрқы әрекеттердің ішінде ең қорқыныштысы — қызметкерлеріміздің жеке деректерін, жеке телефон нөмірлерін алып, түрлі жарнамаларға салып жатқандығы. Тәуелсіз басылымды құрықтау үшін тіпті бас редактор Гүлнәр Бажкенованың қайтыс болғаны жайлы жалған ақпаратты жалған парақшалар арқылы таратты.
Orda.kz бұл жайлы жазған болатын. Алдағы уақытта баспасөз мәслихатын өткізіп, осы деректер жайлы толығырақ айтамыз. Қадірлі оқырман, айдың күннің аманында жасалған хакерлік, алаяқтық, қитұрқылық әрекеттер біздің қызметімізге еш тұсау бола алмайды. Бізбен бірге болыңыздар. Елдегі жаңалықтарды бүкпесіз жазып, жариялап отырамыз.
Жаңалықтар
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды