Талдықорған: Арнайы сигналдарды қолданған Мерседестегі жасөспірім ұсталды

cover

Әлеуметтік желілерде арнайы жарық және дыбыстық сигналдармен жабдықталған жеңіл көлік жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған видео таралды. Оқиға Талдықорғанда болған. Тәртіп бұзушы ұсталды. Бұл туралы  Polisia.kz хабарлады.

https://www.youtube.com/watch?v=hW1556UrRSs&feature=emb_title

Видео әлеуметтік желілерді бақылау кезінде тәртіп сақшыларының назарын аударды. Толық ақпаратты Талдықорған унитарлық кәсіпорнының басшысы Асқар Нұрсапа айтты.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде Mercedes көлігі ұсталып, автотұраққа қойылды. Жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушіге, яғни, 17 жастағы Талдықорған тұрғынына қатысты үш әкімшілік хаттама жасалды», - деді Асқар Нұрсапа.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар