Тәуелсіз бақылаушылар есебі: «Нұр Отан» 45,8% дауыс жинады

10 қаңтарда өткен парламент сайлауында Алматы қаласындағы учаскелерді бақылаған «Тәуелсіз бақылаушылар» қоғамдық ұйымы саяси процеске дауыс беру құқығы бар азаматтардың 15,3 пайызы ғана келді деп мәлімдеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен ұйымның сайлау қорытындыларына арналған баспасөз жиынында айтылды.
Жетекшісі Арайлым Назарованың сөзінше, саяси процеске ұйым атынан 78 бақылаушы қатысқан. Алайда сайлау учаскелерінде ұйым бақылаушыларына түрлі кедергі келтіріліп, олардың 25-і ғана сайлау хаттамасын ала алған. Сол хаттамалардағы нәтижеге сүйенген ұйымның дерегінше, сайлауға қатысқан бес партия да мәжіліске өту үшін міндеттелген 7 пайыздан артық дауыс жинаған.
«Біздің есебіміз бойынша, сайлауға келген азаматтардың 45,8 пайызы «Нұр Отан» партиясына, 20,8 пайызы «Ақ жол» партиясына, 13,9 пайызы «Адал» партиясына, 10 пайызы "Қазақстан халық партиясына», 9,5 пайызы «Ауыл» партиясына дауыс берген» деді ұйым жетекшісі.
Оның айтуынша, сайлау кезінде ұйым бақылаушылары заңға қайшы әрекеттерді анықтап, 25 акт толтырған. Қазір сол фактілер бойынша ұйым заңгерлері сотқа шығым түсіріп жатыр.
«Тәуелсіз бақылаушылар» қоғамдық ұйымының есебі Орталық сайлау комиссиясы шығарған ресми қорытындымен мүлдем сәйкес емес. ОСК сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 63,4%-ы келгенін хабарлаған. Сонымен қатар ОСК шығарған ресми қорытындыда "Нұр Отан» - 71,09%, «Ақ жол» - 10,95%, Қазақстан халық партиясы - 9,10%, «Ауыл»- 5,29%, "Адал» - 3,57% дауыс жинаған еді.
"Тәуелсіз бақылаушылар" қоғамдық ұйымы ОСК шығарған ресми қорытындыға сәйкес келмейтін есеп ұсынған алғашқы ұйым емес. Кеше, 12 қаңтар күні сайлаудан кейін сауалнама жүргізген Сандж зерттеу орталығы да өз есебін жариялаған. Бұл орталықтың есебінше, «Нұр Отан» – 56,4 %, «Ақ жол» – 16%, «Адал» – 12,3% , «Ауыл» – 12,2%, ал Қазақстан халық партиясы – 3,1% дауыс жинаған.
Сайлаудың ресми қорытындысына сәйкес, Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеп, 2019 жылы президенттіктен кеткен (бірақ әлі де билікке ықпалын жүргізіп отыр) Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін биліктегі «Нұр Отан» партиясы алдыңғы сайлаулардағыдай тағы да бірінші орын алып, мәжілістегі басым мандатты иеленді. Межелі жеті пайыздан артық дауыс жинаған «Ақ жол» партиясы мен «Қазақстан халық партиясы» да мәжіліске өтті.
Сайлаудан кейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) бақылау миссиясы саяси процесті «шынайы бәсеке болмады, сайлау демократиялық талаптарға сай емес өтті» деп бағалаған.
Жаңалықтар
- «Ленина 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды
- Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды
- «Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді»: Сот үкімінен кейін Сәкен Мамаштың экс-әйелі пікірін айтты
- Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды
- «Кінәсін мойындамады»: Әйелінің 9 жастағы жиенін зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды
- «Астанада емделеді»: Науқас ұрғаннан жансақтау бөліміне түскен хирургтың жағдайы ауыр
- «104» деген лақап аты бар рэпер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды
- Тікұшақ тасыды: Алматы тауында жасөспірім 15 метрлік жардан құлап мертікті
- Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан көшені қайтарып алды
- Журналист Лұқпан Ахмедияров кибершабуыл құрбаны болды
- Путин Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады
- Атырау облысында түйелер жаппай қырылып жатыр
- Цифрлық жүктемеге қарсы балама: фотоны сақтау үшін жаңа шешім пайда болды
- «Хирургты жансақтау бөліміне түсірген науқас»: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
- «Резонанс үшін сотталды»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушы тарап аппеляциялық соттың ашық өтетінін айтты
- Белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті
- Перизатты Димаш Құдайберген, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қарин қайырымдылық жолында қалай қолдады?
- Анасының сырқатын сылтауратқан: Ұлытаудың бұрынғы прокуроры үш жарым жылға сотталды
- Тентіреген жастар, торыққан қараша халықтың шындығы және құрып бара жатқан Арал туралы «әдемі» баяндамалар