Түрмеде отырған азаматқа 4 жастағы ұлына бүйрегін беруге рұқсат етілген

cover

Қазақстан қылмыстық атқару-жүйесі тарихында алғаш бүйрек ауыстыру оқиғасы болып, 4 жасар балаға түрмедегі әкесінің бүйрегі салынған.

ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің медициналық қамтамасыз ету департаментінің қызметкері Гүлжан Мұсабаева пенитенциарлық жүйе тарихында алғаш рет болған бүйрек трансплантациясы жайлы айтып берді. 

Бұл туралы  Orda.kz   ақпарат порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Осыдан үш жыл бұрын, 2018 жылдың сәуір айында қылмыстық атқару жүйесіне жазасын өтеп жүрген азаматтың әйелінен өтініш түседі. Әйел адам хатында жедел бүйрек трансплантациясына мұқтаж төрт жасар ұлына көмек сұрайды.

— Ішкі ағзаларды, бұл жағдайда бүйректі трансплантациялау реципиентке сәйкес келетін сау донордың болуын қажет етеді. Көбінесе донорлыққа биологиялық ата-аналары барады, себебі ересек адамға да, баланың денесіне де өмір сүру үшін кем дегенде бір бүйректің болуы жеткілікті, - дейді Гүлжан Мұсабаева.

Сол уақытта көмекке мұқтаж баланың туған әкесі Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің орташа деңгейдегі мекемесінде жазасын өтеп жатқан.

— Баланың қиын жағдайда екенін ескеріп, біз бірден сотталған азаматты тиісті сараптамадан өткізуге кірістік. Бұл жұмыс барысында бізге Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы өз көмегін берді. Бала мамандардың бақылауында әкесін күтіп жатты, – деп қосты Мұсабаева.

Негізгі диагностикалық шаралар органның әрі қарай трансплантациялауға жарамды екенін көрсеткен. Ота сәтті өтіп,  науқастың жағдайы түзелгеннен кейін ол жазасын одан әрі өтеу үшін колонияға қайтарылды.

Баласына бір бүйрегін берген ер адам былтыр түрмеден босатылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар