Түркістанда ер адам полиция қызметкерінің погондарын жұлып алды

cover

Түркістан облысында ер адам полиция қызметкерінің погондарын жұлып алып, көлігін өрттемек болған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Полиция аға лейтенанты Ерназар Сүйіндік көшелердің бірінде мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз жүрген ВАЗ 2106 автокөлігін тоқтатты. Полицей тоқтату себебін жол ережесін бұзушыға түсіндіріп, ҚР Әкімшілік кодексінің 590-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасады.

Жүргізуші көлік құралының кілтін беруден бас тартқаннан кейін, полицей эвакуатор шақырады.

– Автокөлікті эвакуациялау кезінде жас жігіт белсенді қарсылық көрсетіп, полицейге негізсіз айып тағып, балағат сөздер қолданады. Содан кейін полицейдің көлігін өртемек болған. Полицейдің ескертуіне қарамастан, ер адам билік өкіліне күш қолданып, полицейдің погондарын жұлып алған, - деп хабарлады облыстың полиция департаментінде.

Болған жағдайдың бәрін полицейдің видеожазбасы жазып алған.

Нәтижесінде күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша тіркелді.

Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар