Түркістанда аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан ұстаз өзіне қол жұмсады

cover

Түркістанда 34 жастағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары соңғы кездегі «хайпты» көтере алмай, өзіне қол жұмсады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады. 

Әлеуметтік желіде А. Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлжан Елмұратованың балағат сөздер айтқан видеосы тараған. Онда Ұлжан ер адамға қол жұмсап, оны балағат сөздермен көміп тастаған. Оның бұл іс-әрекеті жұртшылық наразылығын тудырды.

Видео жарияланғаннан кейін 18 маусымда мұғалім мен мектеп директоры қызметінен кетті.

Мұғалімнің 19 маусым күні асылып қалғаны белгілі болды.

– Қазір ғана дәрігермен сөйлестім. Жансақтау бөлімінен палатаға шығарыпты. Бөлмеде ем қабылдап жатыр екен. Есін біледі. Сәкіде арқанға асылып өлмек болған Ұ. Елмұратова 27.08.2009 – 18.05.2015 жылдар аралығында Төлеби ауданындағы «Бағлан» балабақшасында әдіскер болып, 20.05.2015 – 09.01.2019 жж. аралығында Шымент қаласындағы «Батон» балабақшасында меңгерушісі болып қызмет атқарған. 18.03.2020 ж. А. Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебіне өз өтініші бойынша шаруашылық меңгерушісі болып жұмысқа қабылданған.

Сонымен бірге, 29.04.2020 ж. негізгі қызметіне қоса 0,5 ставкамен дене тәрбиесі үйірмесі берілген. 10.11.2020 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылған. Ұ. Елмұратованың диплом бойынша мамандығы «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі». Бітірген оқу орны Шымкент қаласындағы Орталық Азия Университеті», - деді Түркістан облысы Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева.

Нұрабаеваның айтуынша, ұстаз әдепсіз қылығы үшін жұмыстан шеттетілген.

Бадам ауылының тұрғыны Ұлжан Елмұратова төрт баланың анасы. Оның суициді 19 маусым кешкі 23:00-дер шамасында тіркелген. Оны қайнысы құтқарып, ауруханаға апарған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар