Сотта Перизат Қайраттың анасының жағдайы нашарлап кетті

cover Фото: Ольга Ибраева

Бүгінгі сот отырысында Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның жағдайы нашарлап кетті. Сот үзіліс жариялады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Айта кетейік, Астанада қайырымдылық қорынан 1,5 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот отырысы қатарынан төртінші күн өтіп жатыр. Перизат Қайраттың анасы кезекті сот отырысы кезінде өзін жайсыз сезініп, сот үзіліс жариялады.

Адвокат Асланбек Дәулетьяров сотталушының қан қысымы жоғарылап кеткенін және суық тигізіп алғанын мәлімдеді. Судья Сабыржан Кәрімов жағдайға байланысты үзіліс жариялады. Сот залына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Тікелей эфир өшірілді.

Айта кетейік, НЗМ-нің ата-аналары Перизат Қайрат ісінде жәбірленуші ретінде танылды. Олардың айтуынша, 2024 жылдың көктемінде қордың жарнамасына сеніп, ата-аналар комитеті аталған қорға 901 955 теңге аударған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар