Соңғы қоңырау түлектер төбелесіне ұласты (видео)

cover

Маңғыстау облысы Бейнеу кентінде кәмелетке толмаған жасөспірім - түлектердің төбелескен видеосы желіге тарады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Маңғыстау облысы баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған оқиғадан кейін 7 адам ұсталған.

– 25 мамыр күні сағат 11. 00-де Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев және Ы.Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиға орнында 7 адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған факті ҚР ҚК 293 - бабы (бұзақылық) бойынша тіркелді, - деп атап өтті баспасөз қызметі.

«Соңғы қоңырау» күніне байланысты полиция күшейтілген қызмет көрсету режиміне көшті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар