Шымкентте 1-сынып оқушысы қоршалмаған шұңқырға құлап мерт болды

cover Фото: Бейнеден кадр

Шымкентте Тұран-1 шағын ауданында 1-сынып оқушысы су толы құрылыс орнындағы қоршалмаған шұңқырға құлап мерт болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қайғылы оқиға 12 сәуір күні болды. Жеті жасар бала сағат 17:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Баласы үйге оралмағаннан кейін туыстары іздестірген. Өкінішке қарай, шамамен 22:00-де оның денесі су толы шұңқырдың ішінде екі метрдей тереңдікте жатқан жерінен табылды. Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шұңқырдың ашық жатқанына біраз болған. Уақыт өте келе шұңқыр ағынды суға толып кетіпті.

Тұрғындар қауіпті аумақты қоршауды сұрап органдарға бірнеше рет хабарласқан. Алайда жауапты органдар ешқандай шара қолданбаған.

Еске салайық, кеше, 13 сәуір күні Павлодарда бала бесінші қабаттағы терезеден құлап кетті. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар