«Шпион болған» Ресей дипломаты Астанада жоғары қызметке ұсынылды
Фото: Facebook/ OSCE
Бельгияда елді «шпиондардан тазалау» кезінде күдікке ілініп, еліне қайтарылған ресейлік дипломат Еуропадағы қауіпсіздікке жауап беретін ірі ұйымның Белградтағы миссиясын және Қазақстан мен Қырғызстанда осы ұйымның бағдарламалық кеңселерін басқаруға ұсынылған, деп хабарлайды Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап.
Зерттеулерге сәйкес, 55 жастағы Дмитрий Иорданиди – Бельгия мемлекеттік қауіпсіздік қызметі шпиондықпен айналысып жүр деп айыптаған соң 2023 жылы Брюссельден кетіп қалған ресейлік 20 дипломаттың бірі. Оның аты-жөні Бельгия барлаушылары жасаған тізімде бар. Жария түрде толық аты-жөні аталмаған ресейлік бұл дипломаттар осы елдің сыртқы барлау қызметіне және оның әскери барлау басқармасына (ГРУ) қатысы болған.
Ал Дмитрий Иорданиди ресейлік 20 дипломат арасында персона нон грата деп танылмаған жалғыз адам. Дереккөздің айтуынша, Бельгия Ресейге «бұл адамды алып кетпесеңдер оны персона нон грата қатарына қосамыз» деп ескерткен, содан соң Мәскеу оны кері қайтарған.
Иорданиди Бельгия астанасында жария түрде ұзақ жүрмеген. Дегенмен ол негізінен Балқанда өткен дипломатиялық карьерасының арасындағы үзілісте 2023 жылы белгілі бір уақытқа барып кеткен тәрізді.
Енді Мәскеу Иорданидиді штаб-пәтері Венада орналасқан көпжақты халықаралық ұйым – ЕҚЫҰ-ға басшы қызметке ұсынып жатыр. Ресей, сондай-ақ, оны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігінің бағдарламалық кеңсесі басшысы қызметіне және Бішкектегі дәл сондай қызметке ұсынған.
«Біз ЕҚЫҰ-дағы барлық қызметтерге адам алғанда қатаң тәртіпке бағынамыз», – деді ЕҚЫҰ өкілі Александра Тейлор.
Иорданиди де, Ресейдің Брюссельдегі елшілігі де жағдайға байланысты комментарий беру туралы өтінішке жауап бермеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық