«Шәйға» деп ақшалай алғыс білдіруге қалай қарайсыз?

cover

Соңғы жылдары халық қолма-қол ақша ұстамайтын болды. Барлығы ыңғайлы, электронды төлемге көше бастады. Бұл өз кезегінде курьерлердің, даяшылардың, шаштараздардың, сатушылардың және қызмет саласында жүрген жандардың табысына өз әсерін тигізді. Неге десеңіз, «шәйға» деп, тиын-тебен тастамайтын болдық.

Табысын қызмет саласынан тауып жүрген адамдарға бұл жағдай қалай әсер еткенін Orda.kz тілшісі біліп қайтты.

Тамақтану саласы

В Лас-Вегасе дают  чаевых: а в Казахстане?

Көптеген кафелер мен мейрамханалар төлем чегіне жалпы шоттың 10-15% – на тең соманы қосатындықтан, даяшыларға «шәйға» тиын қалдыру өз еркіңдегі дүние саналады. Десе де, «алғыс айтудың» бұл түрі біздің елде әлі дами қоймаған.

Бұл Қайсар, жасы 24-те. Оның даяшылық қызметте жүргеніне 4 жыл болған. Тапқан табысын оқуына жинайтын жігіт ақшалай «алғыс білдіру» тәжірибесі біздің елде соншалық дами қоймаған деп санайды.

- Чектегі төлемнің 5-7% көлеміндегі сомасы төменгі жалақыға қосылып жатады. Әрине, келушілер ара-тұра «шәйға» деп тиын-тебен беріп тұрса, қарсы болмас едім. Біздің мекеме осыны ескеріп, чекке «даяшы марапаты» функциясын қосты. Өкінішке орай, оған ешкім мән беріп жатқан жоқ.

Сол себепті де, Қайсар кейде келушілерге чекке енгізілген жаңа функция жайлы айтып, ескертіп отырады екен. Ол өзінің осындай жерлерге барғанда көрсетілген қызмет үшін 200-500 теңге көлемінде алғыс ретінде тиын-тебен қалдырып кететінін айтады.
Табысын осылай тауып жүрген жас жігіт қызмет көрсету саласында жүрген адамдардың еңбегі еленуі керек деп санайды. «Өкінішке қарай көпшілік біздің ауыр еңбегіміз жайлы ойланбайды» деген Қайсар, арасында «шәйға» деп тиын қалдыруды жөнсіз санайтын адамдардың да кездесетінін айтты.

В Лас-Вегасе дают  чаевых: а в Казахстане?

Сагдиана – мейрамхана менеджері. Талай жылдан бері жұмысында бұл саланың талай қызығы мен шыжығын көрген. Кейбіреулер алғыс білдіруде керемет мәрттік танытса, енді біреулері ашуға мініп, сес көрсетеді дегендей.

- Даяшы қонақтарға дұрыс көңіл аударып, әр нәрсеге мән беруі керек. Ас пен ыдысты дұрыс ұсынып, ұқыптылықпен қызмет көрсете білуі керек. Мұндайда қонақтар риза боп жатады. Бұл даяшы үшін де жақсы, ақшалай «алғыс алу» мүмкіндігі жоғарылайды. Жақсы қызмет көрсеткен кезде қонақтар төлемнен қалған ұсақ-түйекті «рахмет» ретінде қалдырып жатады. Алайда, қолма-қол ақша қолданыстан шыға бастағалы бері «шәйға» деп ақша қалдыратындар азайды.

Сагдиана барлығы да адамның өзіне байланысты екенін айтады. Мәселен, бір күні 150 мыңға дастархан жайып, қонақ күткен. Даяшылар кәсіби деңгейде қызмет көрсеткен. Алайда, жағдайы «жаман емес» көрінген қонақ «рахмет» ретінде көк тиын да қалдырмаған. «Сонша тырыстық, жүгірдік, ешкім бағаламады» дейді даяшылар.

Мейрамхана менеджері аздаған тиын-тебенмен қонақтардың «ризашылық білдіруі» жұмысын мұқият орындайтын жұмысшының көңіл-күйін көтереді, сондықтан да ондай ақша ешқашан артық болмас деп санайды.

– Көпшілігі сомаға қосылатын 10 пайызды «шәйға» берілетін ақша деп санайды. Алайда, бұл қате түсінік. Ол даяшының жалақысы. Оның 6 пайызы әр айдың аяғында даяшыларға жалақы ретінде таратылады. Білесіз бе, кез-келген еңбек бағалануы керек. Егер, адамға дүкен кеңесшісінің қызметі ұнаса немесе шаштараздың жұмысы көңілінен шықса, тамақтану орындарындағы қызметшілердің кәсібилігі ұнаса, ол алғыс білдіргісі келеді. Сондықтан бұл тәжірибе елімізде жолға қойылса екен дейміз.

Жеткізу саласы

В Лас-Вегасе дают  чаевых: а в Казахстане?

Курьер - Ринат 37 жаста. Жақында болған курьерлердің митингісінен келген ол, қайта жұмысына кірісті. Жарты жылдан бері жеткізу қызметінде істейді. Негізгі жұмысы - тетарда. Алайда қазір бұл жұмысы әзірге жабық. Ол осыған дейін курьерге «шәйға» деп ақша қалдыру керектігіне онша мән бермей келгенін айтады.

– Оларды онсыз да көп табады деп ойлағам. Сондықтан да 100-200 теңгемен оны қуанта қоймаспын деп санйтынмын. Сөйтсем тіпті рахмет ретінде берілген 50 теңгенің өзі саған жақсы әсер етеді екен. Өкінішке орай көпшілік бұлай «рахмет» айтуды садақа көріп, беруге ұялып жатады. Бұл қате түсінік. Біздің жұмысымызды бағалаудың жанға жайлы тұсы осында.

«Алғысты» аздаған тиын-тебенмен білдірудің мәнін түсінетіндер аз деп санайтын Ринат, жоғары тап өкілдері бұл мәселеге келгенде сараңдау болатынын айтты. Ал керісініше, орта және төменгі тап саналатын жандардың жиірек «мәрттік» танытатынын айтты.

Сән мен сұлулық

В Лас-Вегасе дают  чаевых: а в Казахстане?

Светлана жеті жылдан бері косметология саласында қызмет етеді. Алғашқы жылдары жұмыс істей бастағанда «шәйға»деп қалдырылған ақшаны алуға намыстанатын. Уақыт өте келе келушілердің «ризашылығын» қабыл алуды үйренген.

– Қазір ойлап қарасам, бұл дұрыс екен. Егер, жұмысыңды жақсы орындасаң, «шәйға» деп қалдырған ақшаны алуға болады. Бірақ әркімнің өз еркі. Өзім төлемді үнемі картамен жүргіземін. Бірақ жақсы жеткізген таксистке 150 теңге артық төлеуге бармын.


Сауда-саттық

В Лас-Вегасе дают  чаевых: а в Казахстане?

Людмила – жаны жайдары әрі қарапайым дүкен сатушысы. 10 жылдан бергі жұмысында бірнеше рет оған «бұл сізге» деп ақшалай «алғыс» қалдырған екен. Негізінен, риза болған сатып алушылар дүкеннің өзінен шырын, кәмпит сынды дүниелер сатып алып беріп, алғысын білдіретін көрінеді.

Тұрақты сатып алушылар «алғысын» сирек білдіреді. Шынымды айтсам сатып алушылардың мұндай «мәрттігі» көңіл-күйіңді көтереді. Бір күні сатып алушы 5 мың теңге тұратын бір қорап кәмпитті сатып алды да, маған тарту етті. Еш себепсіз жасалған, ілтипатқа риза боп қалдым. Егер, сатушы немес даяшы ұқыпты әрі сыпайы қызмет көрсетсе, 100-200 теңге қалдыра салғанда тұрған ештеңе жоқ. Егер, көшеден тығырыққа тірелген жанды көрсем, айран мен нан сатып алып, ұсақ-түйек ақша қалдыруға тырысам.

В Лас-Вегасе дают  чаевых: а в Казахстане?

Алматы тұрғыны Әсел кафе мен мейрамханалардағы бағалар онсыз да орынсыз қымбат, ал оған қосылатын 10 пайызды даяшы өзінің көрсеткен қызметі үшін алады. Курьерлер мен қызмет саласында жүрген адамдардың барлығы да солай табысын тауып жүр деп санайды.

– Әзірге өзіне қойылған міндеттен асырып, «шәйға» деп ақша алу үшін жұмыс істегенін көрмеппін. Егер, адам менің көңіл-күйіммен үйлесіп, өз жұмысын «жансыз» істемей, барынша жылы көңілмен орындаса мен ақшалай «алғыс» білдіремін. Ал суық көрсетілген қызметке әрине, ештеңе тастағым келмейді. Сондай-ақ оның қызметіне 10 пайыздық үстеме қосылғанын көрсем, не үшін артық ақша тастауым керек?! Олар тамақтың құнына қосылған пайызды жалақысынан алады ғой.

Әр елдің салты басқа

Лас-Вегастың қонақүйлерінде «шәйға» 10 доллардан кем тастамайды. ОАР, Тунис пен Мароккода жергілікті қонақүйлердің қызметшілеріне қалдырылған ақшаны алуына рұқсат берілмейді. Шәйға деген ақшаны тазалаушнының қолына тапсырған жөн.

Ал ағылшын пабтарында қолма-қол ақша қалдыруға болмайды, «алғысыңды» барменге сусын алып беру арқылы білдіре аласың.
Чехия мен Германияда чектегі соманы дөңгелектеп, артығымен төлеуге болады.

В Лас-Вегасе дают  чаевых: а в Казахстане?

Ал Қиыр Шығыстағы шаштараздарда бас жуған, шаш қиған, бояған, кептірген адамның барлығына, яғни шашыңа қолы тигеннің бәріне «алғыс» білдірген дұрыс саналады.

Иә, «шәйға» деп ақша қалдыру әркімнің өз еркінде… Десе де, америкалық мейрамханаларда егер, артық ақша қалдырмаған болсаңыз, жаныңызға менеджер келіп: «Сізге қызмет көрсету сапасы ұнамай қалды ма?» деп сұрауы мүмкін. Мұнда алғыс білдіру құны төлемнің 25 пайызын құрауы мүмкін.

Юрий Кацнельсон, Ресей кондитерлері гильдиясының президенті: «Шәйға» деп ақша қалдыру тәжірибесі Америка құрама штаттарында жолға қойылған. Бұл ақша таксистерге міндетті түрде әрі үлкен көлемде төленеді. Бірде таксист әр сөмке мен, ашылған есіктер үшін бір доллардан төлеуімді талап етті. Әрине, артық сұраған оны өз орнына қоюға тура келді».

В Лас-Вегасе дают  чаевых: а в Казахстане?


Ал Жапонияда «шәйға» деп ақша қалдыруға болмайды. Мұндай тиын-тебенмен олардың намысына тиіп жіберуіңіз мүмкін. Өйткені жақсы жұмыс істеу әрбір жапондықтың міндеті. Жапония халқының арасында жүргізілген сауалнама барысында, «шәйға» деп ақша қалдырмайтындығына байланысты, олардың әдеттегіден аз саяхаттайтыны анықталған.

Ал Туркия, ОАР және Кубада жалақының аздығына байланысты ондағы жұмысшылардың негізгі табыс көзі осы «шайлық» ақшалардан құралады.

Жалпы, ақшалай алғыс білдіру әр елдің мәдениетіне байланысты. Ал Қазақстанда бұл тәжірибе жолға қойылмаған. Егер жолға қойылса, қызмет саласында айтарлықтай өзгерістер болып, сапа жоғарылай түсер еді.

Авторы: Александр Смолин
Аударған: Сабина Зәкіржанқызы

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар