Сенат «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңды мақұлдады

cover Фото: Сенат

Сенат депутаттар «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды мақұлдады.

Бұл туралы сенат хабарлады.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев заңнамалық түзетулердің маңызына назар аударып, мемлекет басшысы жолдауда сатып алудың жаңа сапалы жүйесін енгізуді тапсырғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ ол заңның негізгі нормаларына тоқталып өтті.

«Бұл заңдар Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатымен мақұлданды. Соның аясында әділ, ашық және тиімді мемлекеттік сатып алу жүйесін қалыптастыру үшін жаңа құқықтық тетіктер қарастырылып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу рәсімдері қайта қаралып, процестерді одан әрі оңтайландыруға және оларды цифрландыруға баса мән берілді. Мемлекеттік сатып алулардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, сондай-ақ, қоғамдық бақылауды күшейтуге арналған ережелер де бар. Отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары да назардан тыс қалған жоқ. Сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және олардың уақтылы орындалуы үшін бизнестің жауапкершілігін арттыруға арналған нормалар да қамтылған. Әділ және транспарентті мемлекеттік сатып алу заңнамасы ел экономикасының өсуіне оң ықпалын тигізеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар