Семейде полигон ашыла ма?

Семейде көптен бері ел аузында жүрген қоқыс полигонына қатысты ірі жоба әлі де жүзеге асар емес. Не себепті істің алға жылжымай тұрғанын Orda.kz. тілшісі анықтауға тырысты.
Қала әкімшілігі қоқысты жинау және жою ісін әлемдік деңгейге көтеру үшін жаңа қоқыс полигонын ашу керек деп есептейді. Ал қала тұрғындарын әлемдік деңгейге көтерілу мәселесі емес, оның соңын ала көтерілетін қоқыс қызметінің құны алаңдатады. Бірнеше жылдан бері қоқыс полигонының орнын ауыстыру мәселесі қызу талқыланып келеді. Бұл жоба Еуропа қайта құру және даму банкі мен Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) операторының қолдауымен жүзеге аспақшы. Алайда бұл іс басталмастан, кедергілерге тап болды.
Кедергіге кім себеп?
Жеке кәсіпкер Рафаиль Хазипов келісім бойынша жаңа полигон ашылған соң, қоқысты жинау және іріктеу жұмысымен айналысуы керек болған.
Ал ӨКМ операторы бұл жобаға қажетті құрал-жабдықтармен қамтуды өз міндетіне алып, қалаға тұрмыстық қалдықтарды іріктеуге арналған 532 қоңыраулы, 1050 торлы контейнер және қоқыс көлігін жеткізген. Сондай-ақ, Грециялық фирмамен келісімшартқа отырып, автоматтандырылған іріктеу линиясы бар арнай жабдықтар да жеткізілуі тиіс еді. Алайда орнынан жылжи бастаған бұл жұмыс тағы да кедергілерге тап болды.

- Облыстық әкімшіліктің қалауымен, Семей билігі қоқыс жинауға келіскен «Хазипов» жеке кәсіпкерлігін, «МЭН Келешек» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен (МҚК) ауыстырды. ӨКМ операторы мұндай шешіммен келіспей отыр. Неге десеңіз, олар біздің ұйымның техникалық мүмкіндіктерімен, жабдықтау және ұйымдастыру мүмкіндіктерімен толық танысты. Ал «Келешек» кәсіпорны бұл жоба талаптарына сай келмейді, ол жерде бір ғана директор жұмыс істейді,- дейді Рафаиль Хазипов.
Әкімшілік не дейді?
Ал қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов кәсіпкердің бұл сөзімен келіспейді. Әкім қазіргі таңда жоба толықтай өзгеріске ұшырап жатқанын айтты.
Нұрымбет Сақтағанов, Семей қаласының әкімі:

- Бұл жобаның «Келешек» кәсіпорнына беріледі деп отырған ешкім жоқ. Ол заңдық тұрғыда мүмкін емес. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - дейді қала басшысы.
Сондай-ақ Хазиповтың «әкімшілік техниканы да кәсіпорынға бергелі жатыр» деген уәжін де жоққа шығарды.
Бақытжан Байахметов, ШҚО әкімнің орынбасары:

– Техниканы беру үшін біраз нормативтік үрдістерден өту керек, ол уақыт алады. Қала әкімшілігі техниканы жоба қатысушысы Хазиповтың басқаруына сеніп тапсыра алады. Алайда ол ӨКМ операторының іріктеу линияларына қатысты талаптарын орындап, жобаның бір бөлігін ғана жүзеге асыруға келіссе, бұл істің алға басуы екіталай. Себебі, одан өзге іріктеу линияларын орналастыруға арналған ангарлар құрылысы бар. Қала әкімшілігі бұған қатысты жобалық сметалық құжаттар дайындап жатыр. Құжаттар толыққанды дайын болған соң, ангар құрылысына қажетті қаражат бөлу жайлы шешім қабылданады, - дейді.
Тұрмыстық қалдықтарды жинау және жою жүйесін жаңғыртуға Еуропа қайта құру және даму банкі мен ӨКМ операторы бірдей кіріскен. Еуропа қайта құру және даму банкінің қолдауымен іске асатын бірінші жобаға сәйкес жаңа қоқыс полигоны салынуы керек. Құны – 5,2 млрд теңге. Оның 3,8 млрд-ын Еуропалық банк кредитке беріп отыр.
Осыдан біраз уақыт бұрын «Келешек» кәсіпорнының директоры міндетін атқарушы Мақсұт Нығметов жобаның тым қымбатқа түсетінін айтып, Еуропалық банкпен келісімшартқа отырудан бас тартқан болатын. Ал ӨКМ операторының жобасы одан арзан – 2 млрд теңге. Ал енді екеуін біріктіріп, бір үлкен жобаға айналдырмақ.
– 350 мың тұрғыны бар қала үшін бұл жоба соншалық қымбат емес. 5,2 млрд теңге нақты бекітілген қаражат емес. Мемлекеттік зерттеу жұмыстары аяқталған соң шығын сомасы мұнда көрсетілгеннен де аз шығуы да мүмкін. Ал жобаға кеткен шығын субсидия мен тариф есебінен қайта толтырылады. Жеті айға 3,8 млрд теңге көлемінде субсидия қарастырылған. Ал Нығметовтың қоқыс шығару қызметінің тарифі 21 мыңға дейін көтерілуі мүмкін дегені шындыққа сәйкес келмейді. 2023 жылы тариф құны бір адамға 319 теңге, 2025 жылы – 456 теңгеден аспайды деп сендіреді, Шығыс Қазақстандағы Энергетика және тұрғын үй коммуналдық қожалық жетекшісі Алмат Ақышов.
Ал Рафаиль Хазиповтің пікірінше, құрғақ тариф есебінен бұл шығынды өтеу мүмкін емес. Егер мемлекет тарапынан субсидия бөлінбей қалса, өзінің тығырыққа тіреліп, табыссыз қалатынын алға тартқан ол, мысал ретінде Semey bus автопаркін келтірді. Егер, әкімшілік субсидияны дұрыс бөлмесе үлкен шығынға ұшырайтынын айтқан ол, бұл жобаны барынша арзан қаражатпен жүзеге асырған дұрыс деп санайды.
Қоқыс та қаражат әкеледі
Рафаиль Хазипов қоқысты іріктеуді табысты жұмыс әрі болашағы бар сала деп санайды.
– Жоба іске асса қоқыс полигондарында іріктеу линиясы орналастырылады. Іске жарамды қалдықтар қайта өңдеуге жіберіледі. Алайда қайта өңдеу түрін нақтылап алған жөн. Мен колорадо құрты қажет деп ойлаймын. Бұл істі жақсылап қолға алсақ, 100% қайта өңдеуге көшеміз, ол кезде тіпті қоқыс полигондары қажет болмай қалады, - дейді кәсіпкер.
Ал толық автоматтандырылған қоқысты іріктеу линиясы жылына 100 мың тонна қалдықты өңдей алады. Осы жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толады. Соның құрметіне ӨКМ операторы қоқыс іріктеу жұмысын дәл сол күні бастап, қоқыс полигонын ашуды жоспарлап отыр. Қазірше бұл жоба Семей, Өскемен, Ақтөбе қалаларында пилоттық үлгіде жүзеге асырылып жатыр. Кейін елдің барлық қалаларына да дендеп енгізіле бастайды.
Авторы: Зауре Баженова, Семей
Аударған: Сабина Зәкіржанқызы
Жаңалықтар
- Президент бокстан Әлем кубогының жеңімпаздарын құттықтады
- Илон Маск АҚШ-та жаңа саяси партия құрды
- Назым Қызайбай ел қоржынына әлем кубогының алғашқы алтынын салды
- АҚШ-тағы су тасқыны: Тоқаев Трампқа көңіл айтты
- Аятолла Хаменеи соғыстан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты
- Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады
- «Нұр-Атам құдайым»: Нұрсұлтан Назарбаев шексіз билік иесіне қалай айналды?
- 12 қазақстандық боксшы Астанадағы Бокстан Әлем кубогының финалында бақ сынайды
- Израильдің соққысынан бір тәулікте 78 адам қаза тапты
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель ұсталды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
- «Лас жүйеге мойынсұнбаймыз»: Түркияда үш қаланың әкімі ұсталды
- Астанадағы LRT: Мәжіліс депутаттары жаңа пойыздарды сынап көрді
- Режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден озды
- Сағындық Тоғамбай Астанадағы Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
- Алаяқтардың айласы: Ардагер журналист Кәкен Қамзин үйінен айырылып қалуы мүмкін
- Трамп салық және шығындар туралы заң жобасына қол қойды
- Павлодарда таң атпай алапат өрт шықты
- Атырау облысында тағы да бір ұшқышсыз ұшатын құрылғы құлады
- Ұлт рухының айнасы: Қазақстан академиялық тарихының алғашқы томы қаралды