Сарбаздар жағдайы: қолданылған іш киім киюге мәжбүр
Нұр-Сұлтандағы 5573 әскери бөліміндегі сарбаздар шағым түсірді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Мерзімді әскери қызметкерлер өздерінің шағымын демалыс күні әлеуметтік желіде жариялаған. Олар 12-жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының 3-ші сыныпты сержанты Смағұлов Дарханға наразы.
– 12-жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының 3-ші сыныпты сержанты Смағұлов Дархан Темірханұлына шағымданғымыз келеді. Ол біздің ротаға жақында ауысты, бірақ біз бұл адамнан шаршап үлгердік! Ол сарбаздарға өте жаман әсер етеді, адамды моральдық және психологиялық тұрғыдан «өлтіреді», адамдарға тіл тигізіп, кейбір жануарлармен салыстырады. Бізден бастап ата-анамызға дейін дөрекі сөйлеп, тіл тигізеді. Біздің ротадағы кейбір солдаттардың әрі қарай борышын өтеуге қазірден құлқы жоғалды, - делінген үндеуде.
Олардың айтуынша Смағұлов сарбаздарды үнемі қорлайды. Жарғыдан тыс бұйрық беріп, арасында қол жұмсап тұрады.
Сондай-ақ, үндеуде оларға қолданылған киім бергендігі айтылған.
– Әр сарбазға екі дана жаңа іш киім мен футболка бөлінді, бірақ біз оларды әлі көрмедік. Біз бұрынғылардан қалған ескі іш киім мен футболкаларды киеміз, кейбіреулері жыртылған, барлық бояуы жуылып кеткен, ал ПКҚ (патрульдік-күзет қызметі) қызметтік нысандарына берілген киімдер осыдан үш-бес жыл бұрын борышын өтеп кеткендердікі, - делінген.
Шағыммен Ұлттық гвардия танысып, тексеру жұмыстарын қолға алды.
– Аталған факті бойынша әскери бөлім командирі қызметтік тергеу тағайындады, оның шеңберінде 5573 әскери бөлімінің әскери полиция қызметімен бірлесіп осы бөлімшенің шақыруымен әскери қызметкерлерге әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Өңделген ақпаратты талдау нәтижелері бойынша шағымда көрсетілген фактілер расталмады.
Әскери бөлімнің қолбасшылығы тарапынан Сержант Дархан Смағұлов оң бағада сипатталады. Өз мамандығы бойынша тәжірибелі әскери қызметкерлердің бірі. Ұлттық ұлан басшылығынан және 5573-әскери бөлім командирінен бірқатар көтермелеулерге ие болған. Ұлттық ұланда 2004 жылдан бері қызмет етіп келеді. Үйленген, ұл тәрбиелеп отыр, - деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- Қазақстанның 12 қаласында жылу желілері 60%-дан 91%-ға дейін тозған
- Сәуір айында жаңа баспананың бағасы төмендеді
- БҰҰ Бас ассамблеясы палестиналықтардың ұйымға мүшелігін мойындады
- Балқашта 9 мамырды тойлау кезінде таңғаларлық оқиға болды
- Алматыда жаңбыр жауады: Қазгидромет салдары болуы мүмкін екенін ескертеді
- Қазақстанда несиеге тәуелділікпен күрес әлі нәтиже бермей отыр
- Сербия Қазақстанға 1 млн еуро беріп, көмектесті
- Ақтауда газ құбыры жарылды
- Құрылыс және сәулет басқармасының басшысы пара алғаны үшін 3,5 жылға сотталды
- Қазақстанда алғаш рет әйелдер экипажы ұшты
- Қазақстанда жол көлік оқиғаларынан кейін техникалық байқаудың күшін жою ұсынылды
- Тоқаев «Экономиканы либеразациялау шаралары» туралы жарлыққа қол қойды
- Қытай вице-премьері Қазақстанға келеді
- Түрмедегі белсенді Әйгерім Тілеужанның қан қысымы жоғарылап, оң жақ беті жансыздана бастаған
- Қысқа дайындық басталды: үкімет жылу электр орталықтарын жөндеуге ақша бөлуді көздеп отыр
- Журналистер VS Сәтқалиев. Шын мәнінде кім кінәлі?
- Ахметжан Есімовтің қызы қазақстандық олигархтар қатарына қосылды
- Самара-Шымкент тас жолындағы апаттан депутат қаза тапты
- Премьер-министр құрғақ есептері үшін әкімдерді сынады
- Энергетика министрлігі журналист Әділбековтің жазбасынан кейін ішкі аудитті бастады