Санитарлық авиация екі баланы шұғыл Алматыға жеткізді

cover Фото: Ақмарал Әлназарованың әлеуметтік парақшасынан

Жарылыстан зардап шеккен балалар шұғыл түрде Алматыға жеткізілді.

 
 «31 шілде санитарлық авиация бортында денесінің 75 пайызын күйік шалған екі баланы ауыр күйде Алматыдағы Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына шұғыл жеткізілді», - деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Министірдің айтуынша  науқастардың жағдайы ауыр. Қазіргі таңда балаларға барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілуде.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қызылордада газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала зардап шеккен еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар