Қостанайдағы өрт: жағдай тұрақталды

cover

Жедел штабтың ақпаратына сүйенсек, елді мекендерге төнген қауіп жойылған. Аумақтарда ашық өрт жоқ. Тек жекелеген аймақтарда, Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы ауылдарындағы 4 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Өрт сөндіру жұмыстары басталғаннан бері 243 рет су төгу жүргізілді.

Өрт сөндірушілердің негізгі күш-жігері қазір Бағаналы ауылында шоғырланған.

Нақты сандарға келсек, өрт басталғалы 2091 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Уақытша орналастыру орталықтарында барлығы 42 адам бар, оның 14-і балалар, эвакуацияланғандардың көпшілігі үйлеріне оралды, қалғандары туыстарында қалды.

91 тұрғын үй зардап шекті, оның 85-і Аманқарағайда, 6-ы Озерныйда.

Соңғы мәліметтер бойынша, 12 адам жарақат алған, 1935 жылы туған бір адам қайтыс болды.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар