Путин қазақстандықтарды Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығымен құттықтады
Фото: Ақорда
Владимир Путин Байқоңыр қаласын дамыту үшін көп жұмыс істеп жатқанын алға тартты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресей президенті Владимир Путин қазақстандықтар мен ресейліктерді Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығымен құттықтады.
«Дәл 1955 жылы 2 маусымда Кеңес Одағында алғашқы ғарыш айлақ — бірегей зымыран полигонын құру туралы мемлекеттік шешім қабылданды. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін он жыл өткен соң, жан түршігерлік трагедия мен орасан зор шығынға ұшыраған көпұлтты Кеңес халқы қираған қалалар мен елді мекендерді қалпына келтіріп қана қоймай, қуатты экономикалық, технологиялық өсуді қамтамасыз етіп, болашаққа үлкен қадам жасап, ғарышқа жол ашты. Солай батыл жоспарларды жүзеге асыруға кірісті», — деді Путин өз құттықтауында.
Ресей президенті Байқоңырды жобалаған және салған, құрылған кезінен бастап ғарыш айлағында жұмыс істеген қызметкерлердің бәрінің жұмысын құрметтейтінін айтты.
«Дәл осы жерден 1957 жылы Жердің алғашқы жасанды серігі Р-7 зымыраны ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан Юрий Гагарин ғарышқа ұшқан алғашқы адам болды. 1963 жылы алғашқы әйел ғарышкер Валентина Терешкованың ұшуы және 1971 жылы әлемдегі алғашқы «Салют-1» орбиталық станциясының ғарышқа шығуы, 1988 жылы қайта пайдалануға болатын «Буран» кемесінің ұшырылуы — Байқоңыр тарихы жарқын екенін көрсетеді», — деді Ресей президенті.
Путин Байқоңырдың «бай жер» деген атаққа ие болуына да тоқталды.
«Ғарыш айлағының халықаралық ғылыми-техникалық прогреске қосқан үлесі, шын мәнінде өте мол. Оны асыра бағалау мүмкін емес. Бүгінде Байқоңыр — әлемдегі ең ірі және заманауи ғарыш айлақтарының бірі. Жеті мыңға жуық қызметкер жұмыс істейтін бұл көпфункционалды кешеннің әлеуеті Ресейдің, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушылардың және басқа да көптеген елдердің ғарыштық бағдарламаларына белсенді түрде қатысады», — деді Ресей басшысы.
Сонымен қатар, ол Байқоңырды «Ресей — Қазақстан стратегиялық әріптестігінің жарқын нышандарының бірі» деп есептейтінін мәлімдеді. Екі ел арасында ондаған шарттар мен келісімдер бар. Путин Ресей Байқоңыр қаласын дамыту және оның тұрғындарын әлеуметтік қолдау үшін көп жұмыс істелгенін, әрі жалғаса беретінін жеткізді.
Айта кетейік, бүгін Тоқаев та «Байқоңыр» ғарыш айлағының 70 жылдығымен елді құттықтаған еді.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды