Премьер-министр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайын тексерді
Фото: Үкімет баспасөз қызметі
Премьер-министр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайын тексеріп, қауіпті аймақтағы ауыл тұрғындарын эвакуациялауды жеделдетуді тапсырды.
Бұл туралы Үкімет хабарлайды.
Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайын тексеріп, президент тапсырмаларының орындалу барысымен жер-жерде танысты.
Су қоймаларының үстінен ұшып, су тасқынынан зардап шеккен үйлерді аралап, ахуалдық орталық жұмысымен танысты, сондай-ақ республикалық штаб отырысын өткізді.
Бектенов су басқан үйлердің жағдайын тексеріп, тұрғындардың тұрғын үйлерді қалпына келтіруге және басқа да қосымша қолдау шараларын көрсетуге қатысты сұрақтарына жауап берді.
Әкімдік тізімдері бойынша су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың барлығына несие төлемдерін автоматты түрде 3 айға кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар, кейінге қалдыру кезеңінде төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді.
Жалпы облыста су басу қаупі сақталып отырғаны айтылды. Қазір өзендердің көпшілігінде су тасқыны жоғары. Облыста 792 үй су астында қалды.
Облыста 5 ауданда (Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би, Ойыл) және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жарияланды.
Оның қорытындысы бойынша Олжас Бектенов су тасқынының салдарын жойғаннан кейін коммуналдық және жеке меншіктегі гидротехникалық құрылыстарда көп факторлы зерттеу жүргізуді тапсырды. Ақтөбе облысында барлығы 206 гидротехникалық құрылыс бар.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды