Күдіктіні зорлау ісі – полиция департаменті түсініктеме берді

cover

Павлодарда полиция майоры 23 жастағы күдіктіні зорлады, деп құқық қорғаушы Елена Семенова мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қазір зорлау фактісі тексеріліп жатыр.

– Облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы осы факт бойынша тексеріс бастады. Қылмыстық кодекстің 120-бабы «Зорлау» және 362-бабы «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану» аясында сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар белгіленді. Соның нәтижесінде тиісті шешім қабылданады, - деді полиция басқармасында.

Егер де майордың кінәсі дәлелденсе, ол 9-12 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Сонымен қатар, полиция қызметкері 3000 АЕК (8 млн 751 мың теңге) айыппұл төлейді немесе 800 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар