Пәтерақы өсуде: Қазақстан энергетикасын күйреуден қалай құтқарамыз?

cover

kaztrade.ru

1 сәуірден бастап елімізде электр энергиясын тұтыну тарифі орта есеппен 15% қымбаттады. Бұл қымбатшылықтан кейін электр тарифының бағасы нарықтағы барлық тауарлық қатынастарға әсер етпей қоймайтыны анық. Көктемнен бастап жаз бар, күз бар – тауар мен қызмет қымбатшылығы тізіле береді.

Мұндай қымбаттауға не себеп болды? Тарифтің өсуіне қандай негіз бар? Егер қаржы тапшылығы болып жатса, энергетиктер өз саласындағы тапшылықты неге тұтынушының мойнына іледі?
Orda.kz. порталы осы сұрақтарды саясаткер және публицист, энергетика саласында қызмет атқарған Петр Своикке қойған еді.

Квартплата растёт: что спасёт казахстанскую энергетику от коллапса
Петр Своик

— Өкінішке қарай, тарифтың көтерілуі орынды, оның негізі, себебі бар. Бұған қосарым, тариф әлі де көтеріледі, бұл тек басы…

Қарапайым арифметика …

Еліміздегі электр станциялардың жағдайлары бірдей болғанымен тариф өсімі бірдей емес. Кейбір станцияларды есептемегенде, негізінде тариф көбінде көтерілді деуге болады. Бірақ олар тарифті бұдан үш есе көбейтуді сұраған болатын. Бұл – бір .

Екіншіден, бұл салада жоғары вольтты жүйе, өңірлік және жергілікті электр энергиясын тарату жүйесі де жаңарту мен кеңейтуге зәру болса да, тарифтің көтерілуі тек қуаттылықты өсіруге арналған.

Квартплата растёт: что спасёт казахстанскую энергетику от коллапса
Сурет ашық дереккөздерден

Соңғы кезге дейін жарық бағасының көтерілуі әкімшілік тараппен шектеліп келді. 2018 жылдың күзінде, президент транзиты қарсаңындағы бірнеше ай бойы, Ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің Директивалары бойынша энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық тарифтері арзандатылған болатын. Бірақ уақыт өз ережесін жүктеді. Нарықтағы баға көтеріліп жатты. Ал энергетика саласы болса, мемлекеттік жүйе жүктеген тарифпен тежелсе де, салаға қажетті жабдықтарды нарық бағасымен алуға мәжбүр болды.

«Жасыл» дегеніміз – қымбат дегенді білдіреді

Қазір елімізде «жасыл» электр энергия көздері салынып жатыр. Бірақ оларды пайдалану тарифі өте жоғары. Неге? Себебі ол тарифке инвестициялық шығындар қосылуда. Салыстырмалы түрде айтқанда, мысалы, қазіргі жұмыс істеп тұрған ірі су электр станциялары (ГЭС) -тардың тарифы 1 квт-сағат үшін 1,5 тен 3-4 теңгеге дейінгі бағаны құраса, көмірмен істейтін су элестр станциялары (ГЭС)-тар мен жылу электр станциялары (ТЭЦ) -тардың тарифы 1 квт үшін – 7-9 теңге. Ал «жасыл» электр энергия көздерінің тарифы 1 квт-сағат үшін – 25-30, тіпті одан да көп теңге тұрады.

Квартплата растёт: что спасёт казахстанскую энергетику от коллапса
munters.com

Енді тарифтің 15 пайызға өсуін таратып айтайық. Әңгіменің төркіні мынада: «жасыл» электр энергиясы таза болса да тым қымбат болғандықтан нарықтағы тұтынушылар одан бас тартуда, ешкім ондай қымбат энергияны алғысы келмейді. Сондықтан үкімет ең оңай жолға көшті: қарапайым, кәдімгі өзіміздің бұрынғы электр станцияларын «шартты тұтынушылар» деп атап, оларға «экологиялық таза» энергияны сатып алуды жүктеп, оның бағасын өз шығындары есебінен төлеуді міндеттеді. Тарифті өсіру туралы өтініш берген электр станцияларына 15 проценттің үштен бірі ғана қалса да жаман болмас еді. Ал үштен екісі «жасыл» энергетиктердің жұмысы мен «инвесторлардың» табысына кетеді.

Бәріне бірдей жетпейді

Ал ең бастысы, 1 сәуірдегі халық пен шағын бизнесті шошытқан тарифтің өсуі – электр энергетика саласындағы кемшіліктерді айнадай етіп көрсетті десе де болады. Әсіресе, электр энергиясын өндіру мен инвестициялық бағыттардағы кемшіліктерді.

Квартплата растёт: что спасёт казахстанскую энергетику от коллапса
profit.kz

15 процент жәйлі тағы да айтар болсақ, оның кімге бөлінетіні тағы айқындалады. Дәстүрлі электр станцияларының тұтыну, пайдалану жұмыстары мен жалақы, жабдықтар мен бағасы өсіп жатқан көмірге жұмсалады. Ары қарай, «жасыл» энергетиктерге, яғни, жатыпішерлерге, ал тағы бір бөлігі аталмай қалған «откатқа»…

Электр жарығы – «қараңғыға» кетуде

Айналымдағы қаржысы 1,5 триллион теңгені құрайтын электр энергетикасында нақты шығындарды есептеп бақылайтын, қадағалайтын жүйе жоқ. Бары сол, қолмен жасалатын көпшілік тыңдаулар, қоғамдық мониторингтер, монополистердің ғаламтордағы ашық есептері. Бірақ бұлардың бірде біреуі нақты мақсатқа бағытталмаған, жұмыс істемейтін шаралар деуге болады.

Тарифты өзгерту процессі «тапсырыс беруші мен үйлестіруші» арасында өз-өзінен шешілетін мәселеге айналды. Үйлестіруші «тарифті өсіріп бер» деген өтінушінің айтқанын орындай салатын орган. Энергетика жүйесіндегі кәсіпорындардың нақты жағдайын зерттеу деген атымен жоқ. Сол себептен де біз тарифтің өсуінен құралған қаржының қайда кетіп, қайда жұмсалғанын біле алмаймыз, біз тұрмақ үйлестіруші орган да білмейді.

Квартплата растёт: что спасёт казахстанскую энергетику от коллапса
ukrinform.ru

Мемлекеттік тапсырысқа негізделген кәсіби мониторинг пайда бола қалса, мүмкін, тарифтерді бұлайша өсірудің қажеті болмас па еді?Керісінше, мүмкін тарифтер төмендер ме еді? Өкінішке орай, нақты ақпараттар бұғатталып тұрғандықтан, біз солай ойлауға мәжбүр болып отырмыз.

Феодалдық ыдырау

Энергетика саласының айтылған жағдайлары кездейсоқтық емес. Саланың тарифтік саясатына не әсер етіп отыр, қолдағы қаржы неліктен бағытсыз және есепсіз жұмсалады деген сұрақтарға жауап іздесек, біз оның басты себебі – жүйедегі орнаған «феодализм» дер едік.

Кеңестік жүйеден қалған электроэнергетика саласы нарыққа бейімделіп, қайта құрылды. Нарықта жасанды түрде көтерме және бөлшек сауда сатылары құрылды, барлық энерго өндіруші кәсіпорындар үш түрге бөлінді: энергия өндіруші, энерго жеткізуші, энергиямен қамтамасыз етуші болып. Электростанциялар өндірген энергияны көтерме сауда нарығында сатады немесе сондай деңгейге жіберілген ірі тұтынушыға сатады. Бұл тұтынушы энергияны бөлшек саудамен айналысушыға сатады. Сатушы мен сатып алушы бір-бірін сауданың әр сатысында іздеп табуы керек. Бұл әдіс «Электрэнергетика туралы» Заңда айтылған.

Квартплата растёт: что спасёт казахстанскую энергетику от коллапса
pravovedus.ru

Заңда солай делінгенмен, іс жүзінде жағдай мүлдем басқаша. Нақты айтсақ, КОРЭМ АҚ – Қазақстанның электр энергиясымен айналысатын көтерме сауда орны. Алайда, бұл тек аты бар да, заты жоқ акционерлік қоғам. Өйткені оған тиесілі электр энергиясы кәсіпорындарын 10-15 шақты жартылай мемлекеттік немесе жекеменшік энергетиктер талан-таражға салып, таратып алып кеткен. Әркім өзінің электростанциясы негізінде өзінің электржүйесін, өзінің энерготаратушы мекемесін жасап алған. Әр осындай феодалдық құрылым өзіне тұтынушы тауып, өзіне тиімді көтерме және бөлшек сауда бағасын жасап алған, қалғаны қалған тұтынушыда.

Қарап отырсаңыз, Қазақстанның электроэнергетикасы қырық бөлініп кеткен. Өз энергетикамыздың тізімінің басында ең ірі электростанциялар мен жүйелік және таратушы кәсіпорындарды жинап алған «Самрук-Энерго», одан кейін ЦАТЭК (Орта Азиялық жылу электро станциясы), келесісі – ККС( Қазақстанның коммуналдық жүйесі). Тізімде ары қарай құрамында бір-бірден электростанциялары мен жарық таратушы кәсіпорындары бар барлық ірі тау-кен және мұнай өндіруші кешендері.

Заңсыздық

Осы құрылымдарға заң көзімен қарасақ – олардың барлығы заңсыз құрылымдар. Соған қарамастан олар электоэнергия нарығында өз баға ережелерін ұсынады. Бір қызығы, Энергетика министрлігі бұл саланы қадағалай алмай отыр. Неге? Әй дейтін әже, қой дейтін қожасы болмағандықтан ба, бір елдің энергожүйесін тұтынушылар әр өңірде төлейтін тұтыну тарифі әртүрлі болып отырғаны?

Квартплата растёт: что спасёт казахстанскую энергетику от коллапса

Тағы бір айта кетерлік мәселе – ол көтерілген тариф бойынша төлейтіндердің екіге бөлінетіндігі, яғни, «өзіміз» және «бөтендер» деген екі топқа бөлінеді екен тұтынушылар. «Бөтендерге» қарапайым халық, шағын және орта бизнес пен бюджеттегілер жатады. Ал «өзімізге» кім жататыны және олардың қандай тарифпен төлейтіні - жабық тақырып.

Нарық және жасандылық

Электроэнергетикаға нарық жағдайындағы бәсекелестік екі жағдайда керек. Біріншісінде, тепе-теңдік нарықта. Яғни, электр энергиясын өндірушілердің жарықтың керек шарықтау мезгілінде және түнгі мезгілдегі баланс теңгерімін сақтайтын жағдайда.

Екіншісі, қосымша қуаттың қажетті кезінде. Яғни, жұмыс істеп тұрған электостанцияның қуатын арттыру немесе жаңа электростанциялар салу туралы ұсыныстар бәсекелестігі.

Квартплата растёт: что спасёт казахстанскую энергетику от коллапса

Айта кетерлігі, Қазақстанда тепе-теңдік нарығы бар сияқты көрінгенмен, ол көп жылдан бері жасанды режимде жұмыс істеп жатқандай. Бұл мәселе электороэнергия туралы заңда бекітілгенімен, қуаттылық туралы нарықта ол бар болғанымен, мөлшері мен құрылымы жағынан даму мәселелерін шеше алмайтын жағдайда.

Шешім қабылдайтын уақыт жетті

Еліміздегі электроэнергиясын дамыту жағы ертеңге қалдырмауды қажет ететін күн тәртібіне айналды. Өткен қыстың тіпті ең суық деп белгіленген күндері біздегі электр қуаты жеткіліксіз болып, 16 мың МВТ көрсетті. Бұл қуат жеткіліксіз болғандықтан Ресей және Орталық Азия электр жүйесінен, кенеттен жасауға қажетті жөндеу жұмыстары мен ескі жабдықтарды жөндеуге тура келгендіктен 500 МВТ қуат сатып алуға тура келді. Біз қазірдің өзінде қуат көзі сарқылуға жақын электр жүйесімен жұмыс жасап жатырмыз. Ал екі-үш жылда не болмақ? Жаңа қуат көздерінің жаңа жобалары 6-7 жылда бітсе жақсы.

Квартплата растёт: что спасёт казахстанскую энергетику от коллапса
Pixabay

Сонымен, бұдан шығар қорытынды:

Бірінші. Бүкіл қазақстандық электроэнергетика саласы осы жылдар ішінде талапқа сай дами алмады. Оның есесіне заңға кереғар жекеменшік-корпоративтік мүдделерге қызмет етіп, одан пайда табуды мақсат тұтты.

Екінші. Электроэнергия саласын дамытуға арналған шаралардың орнына басқа қуат көздерін дамытып, тұтынушылар тарифын күрделендіруге әкелді.

Үшінші. Саяси шешім қабылдайтын уақыт келді. Олай болмаған күнде біз шешуге тиісті маңызды мәселелерді бұғаттап, электорэнергетика мен тұтынушыны тарифтік тұтқынға айналдырамыз.

Келесі жолы біз осы мәселенің саяси жолмен шешуі қалай жүзеге асырылатынын, саланы қалай басқарып, тарифтік және инвестициялық саясатты қалай дұрыс құруға болатыны жайлы әңгімелейміз. Ал әзірше, 1 сәуірдегі тарифтік өсулердің әсерін бағамдап алайық.

Авторы: Петр Своик
Аударған: Баян Таңатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар