Олжас Сүлейменов, Әлібек Дінішев және Болат Аюханов мемлекеттік стипендия иемденді

cover Сурет inform.kz сайтынан алынды

Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасыға мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

75 адам Тұңғыш Президенттің Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Бұл жазушылар, ақындар, актерлер, суретшілер, кинорежиссерлер, қоғам қайраткерлері. Олардың қатарында жазушылар Олжас Сүлейменов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, әнші Әлібек Дінішев, балетмейстер-балет шебері Болат Аюханов, халық әртістері Асанәлі Әшімов, Юрий Померанцев, Бибігүл Төлегенова және Роза Әшірбекова бар.

2020 жылдың қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жарлығымен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының мөлшерін ұлғайтқан. Стипендия 20-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (1 АЕК- 2 778 теңге – ескерту ОРДА.)

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар