Олимпиаданың қола жүлде иегері Елдос Сметов Қазақстанға оралды

Бүгін, 27 шілде таңғы 04:20-да Жапониядағы Олимпиада-2020 ойындарында дзюдодан Қазақстан құрамасының қанжығасына алғашқы қола медальді байлаған Елдос Сметов елге оралды.
Елдос Сметовты қарсы алуға Orda.kz тілшілері де барды.
Спортшының жанкүйерлері оны күтіп алуға жарты сағат бұрын жинала бастады.

Сметовты күтіп алуға келушілердің ішінде спортшының ата-анасы мен туысқандары, достары, кәсіпкерлер мен блогерлер, алматылық жанкүйерлер бар.


Сондай-ақ, әуежай маңында алғаш медаль еншілеген спортшыны су жаңа Mercedes-Benz W213 маркалы көлігі күтіп тұрды. Сыйлық Сметовты құрметтеудегі алғашқы марапат.

Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Олимпиада 2020 спорт жарыстарында қазақстанға медаль еншілеген спортшыларды не күтетіні туралы айтқан.
Таңғы сағат 04:20-да қонған ұшақтан, VIP ұшып келу аймағынан араға жарты сағат өткен соң өзін ыстық ықыласпен күткен жанкүйерлері мен жақындарының алдына жүлдегер де шықты.
«Елдос, чемпион!» деп ұрандатқандардың дауысы әуежай ішінде ұзақ жаңғырып, жат жерден мерейі үстем болып оралған Сметовты халқы күтіп алды.





Көлік сыйлаған кәсіпкер ағаларына спортшы өзінің олимпиада ойындарында киген кимоносын сыйға тартты.


- Әзірге алға қойған жоспарым жоқ. Құдай қаласа, тағы да Олимпиада ойындарына қатысып-қатыспайтынымызды уақыт көрсетеді. Ол туралы әзірге ойланған жоқпын, - деді спортшы.
Сондай-ақ, Сметов пандемия кезінде көрермендерсіз өткен сайыс жайлы пікір айтты.
- Пандемияның еш жақсы жағы жоқ. Қанша қиындық болып жатса да, біз жаттығуымызды тоқтатпай, осындай жеңіске жетуге бар күш-жігерімізді салдық.
Зал көрермендерсіз болды. Әдеттегіден әлдеқайда ыңғайсыз екен, - деді Елдос Сметов.
Еске салсақ, Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 2020 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстанға алғашқы қола медаль әкелді.
Ол нидерландылық Торнике Тсакодемен жекпе-жекке шығып, жеңді.
Бұған дейін 60 келі салмақта белдескен Елдос Сметов жартылай финалда үш дүркін әлем чемпионы, жапониялық Наохиса Такатомен кездесіп, есе жіберіп алған болатын.
Ширек финалда Сметов Оңтүстік Корея намысын қорғаған Ким Вон Джунмен жекпе-жекке шықты. Белдесу кезінде спортшы алдымен «ваззари», кейін «иппон» ұпайын қанжығалап, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Бұл оның Олимпиададағы екінші жүлдесі. 2016 жылы Риода өткен Олимпиадада Сметов күміс медаль еншілеген болатын.
Авторлары: Бек Байтас, Жандос Мәдениет
Ықшамдаған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- «Ленина 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды
- Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды
- «Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді»: Сот үкімінен кейін Сәкен Мамаштың экс-әйелі пікірін айтты
- Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды
- «Кінәсін мойындамады»: Әйелінің 9 жастағы жиенін зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды
- «Астанада емделеді»: Науқас ұрғаннан жансақтау бөліміне түскен хирургтың жағдайы ауыр
- «104» деген лақап аты бар рэпер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды
- Тікұшақ тасыды: Алматы тауында жасөспірім 15 метрлік жардан құлап мертікті
- Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан көшені қайтарып алды
- Журналист Лұқпан Ахмедияров кибершабуыл құрбаны болды
- Путин Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады
- Атырау облысында түйелер жаппай қырылып жатыр
- Цифрлық жүктемеге қарсы балама: фотоны сақтау үшін жаңа шешім пайда болды
- «Хирургты жансақтау бөліміне түсірген науқас»: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
- «Резонанс үшін сотталды»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушы тарап аппеляциялық соттың ашық өтетінін айтты
- Белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті
- Перизатты Димаш Құдайберген, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қарин қайырымдылық жолында қалай қолдады?
- Анасының сырқатын сылтауратқан: Ұлытаудың бұрынғы прокуроры үш жарым жылға сотталды
- Тентіреген жастар, торыққан қараша халықтың шындығы және құрып бара жатқан Арал туралы «әдемі» баяндамалар