Олимпиада чемпионы Артаев жаңа лауазымға тағайындалды

cover

Бокстан Олимпиада чемпионы және Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

«Астана Арланс» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бақтияр Артаев бокстан Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Әбдірахмановты алмастырады.

2018 жылдың ақпан айынан бастап 38 жастағы Артаев «Астана Арланс» бокс клубының бас менеджері қызметін атқарды.

Бақтияр Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында дүниеге келген. Бокспен он жасында айналыса бастаған. 1998 жылы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанды. 2004 жылғы Олимпиаданың соңғы күні ол Қазақстан үшін сол ойындардағы жалғыз алтын медальді жеңіп алды. Содан кейін ол Олимпиаданың үздік боксшысы ретінде Вэл Баркер кубогын алды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар